Сәрсенбі, 01 қазан, 04:05

Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Сыр өңірінің делегациясы семейдегі бірқатар нысандарды аралады

19.09.2025

33

0

549118713 1090624273258816 194523518238165183 n
Фото: Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

Бүгін Абай облысында өтетін Қызылорда облысының өнер күндеріне барған Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев бастаған делегация Семейдегі «Абай ұлдарымен» ескерткішіне гүл шоқтарын қойды. Делегация құрамында Парламент Сенаты мен Мәжілісінің депутаттары Н.Байқадамов, Р.Рүстемов, М.Ергешбаев, облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы С.Дүйсенбаев, аймақ ардагерлері, зиялы қауым өкілдері, Тұрмағамбет атындағы халық аспаптар, симфония оркестрлері, «Сыр самалы» вокалды-аспапты, «Томирис» би ансамбльдері, хор ұжымы, басқа да өнерпаздар бар.

Сыр елі делегациясының мүшелері Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық музей-қорығын аралап, құнды жәдігерлермен танысты.

Абай облысының әкімі Берік Уәли қонақтарға «Semey Smart City» шағын ауданының құрылыс жобасын таныстырды. Қаланың солтүстік бөлігінде орналасқан жаңа ауданда 75 мың тұрғынға арналған тұрғын үй кешендері, 40-тан астам әкімшілік, коммерциялық және әлеуметтік нысандар, саябақтар бой көтермек.

Мемлекет басшысының қолдауымен басталған «Абайға құрмет» акциясы аясында еліміздің 11 өңірі Семей қаласына бір нысан салып беруге өз ұсыныстарын берді. Маңғыстау облысы Достық үйінің іргетасын қалады. Шымкент қаласы шығармашылық орталығын, Түркістан облысы көрме орталығын, Астана қаласы Келешек мектебін, Ақтөбе облысы жекпе жек орталығын, Павлодар облысы үстел теннисі орталығын, Солтүстік Қазақстан облысы Рәміздер алаңын, Батыс Қазақстан облысы желілік саябақ салуды, Шығыс Қазақстан облысы Ертіс жағажайын абаттандыруды жоспарлаған.

Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Мемлекет басшысының бастамасын қолдайтынын жеткізді.

«Барлық бастамаларыңызға сәттілік тілейміз. Мемлекет басшысының, Үкіметтің қолдауымен үлкен жобаны қолға алған екенсіздер. Біз де бұл игілікті іске өз үлесімізді қосамыз. Қызылорда қаласында «Анаға тағзым» орталығы бар. Сондай ғимараттың бірін жоспарлаймыз» деді.

Делегация Семей қаласында орналасқан еліміздегі автобус құрастыратын жетекші кәсіпорындардың бірі «Daewoo Bus Kazakhstan», жүк көліктерін, арнайы техника құрастырумен айналысатын «СемАЗ» және түрлі баспа өнімдерін шығарумен шұғылданатын «Казполиграф» серіктестіктерін аралады. Кәсіпорындардың өнімдеріне қызығушылық танытып, алдағы уақытта бірлесе жұмыс істеуге дайын екендерін жеткізді.

550464614 1090624466592130 8803201728174497364 n
548168318 1090624276592149 3764230691201217887 n
552164638 1090625136592063 844015632803823783 n
549827667 1090625056592071 461472053017807377 n

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

Тағы да оқыңыз:

Яндекс.Метрика