Сәрсенбі, 01 қазан, 04:07

Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Сыр өңірінің делегациясы Өскемендегі нысандармен танысты

21.09.2025

36

0

550728352 1091560299831880 7045890032951496792 n
Фото: Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев бастаған делегация сапары Шығыс Қазақстан облысында жалғасты. Делегация құрамында Парламент Сенаты мен Мәжілісінің депутаттары Н.Байқадамов, Р.Рүстемов, М.Ергешбаев, облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы С.Дүйсенбаев, аймақ ардагерлері, зиялы қауым өкілдері, Тұрмағамбет атындағы халық аспаптар, симфония оркестрлері, «Сыр самалы» вокалды-аспапты, «Томирис» би ансамбльдері, хор ұжымы, басқа да өнерпаздар бар.

Меймандарды ШҚО әкімі Нұрымбет Сақтағанов қарсы алды. Делегация мүшелері ең әуелі Өскемендегі Халифа Алтай атындағы мешіттің сәулеттік құрылымымен, ішкі жұмысымен, діни ағартушылық қызметімен танысты.

Одан кейін Жеңіл атлетика манежіне барды. Олимпиада чемпионы Ольга Рыпакованың аты берілген спорттық нысан 2014 жылдан бері жұмыс істейді. Онда жеңіл атлетиканың түрлі бағытында жаттығатын өлке спортшылары жарыстарда жоғары нәтиже көрсетіп келеді. Делегация назарына ұсынылған Жекпе-жек кешені де – Шығыс Қазақстандағы озық спорт нысандардың бірі.

Содан соң қонақтар өз өнімдерін тек өңірге ғана емес, республика аумағына саудалайтын «Шығыс сүт» ЖШС-ға барды.

Бүгінде мұнда 80 түрлі өнім шығарылады. Қызылордалықтар корпорацияның тарихымен, жабдықтарымен танысып, жұмыс барысын бақылады.

Делегация мүшелері ШҚО әкімдігі ғимаратының алдындағы Абай Құнанбайұлы ескерткішіне тағзым етіп, жуырда ашылған

«Алтай» көтерме-тарату орталығына барды. Шығыс өңірдегі ең ірі сауда орталығы ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеуге және бағаның тұрақталуына оң септігін тигізуде.

Айта кету керек, өңірлер арасындағы байланысты күшейте түсетін осындай делегациялар сапары Бердібек Сапарбаевтың бастамасымен қолға алынған болатын. Игі дәстүр бұдан кейін де үзілмей, жалғасын таба бермек.

550529115 1091560326498544 7782857841170515138 n
550900493 1091560266498550 1986017406209935100 n
550502965 1091560276498549 6621658415584092898 n
549769382 1091560463165197 6910494137330506137 n
549943020 1091560376498539 1700679434371996316 n

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

Тағы да оқыңыз:

Яндекс.Метрика