Бейсенбі, 17 сәуiр, 07:25

Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Сыр өңірінде жастарды қолдауда жүйелі жұмыстар бар

08.04.2025

152

0

489687182 965701759084402 5696004594546019695 n
Фото: Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев ҚР Парламенті Сенатының депутаты Нурия Ниязова және «Ассамблея жастары» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Тимур Жұмырбаевпен кездесті. Кездесуде Қазақстан халқы Ассамблеясының мерейлі 30 жылдығы аясында өңірде атқарылған жұмыстар мен алдағы жоспарлар сөз болды.

488967305 965701765751068 6967533900572590812 n
488934241 965701809084397 8240829181175996713 n

Қызылорда облысында білім, ғылым, журналистика, қоғамдық қызмет, спорт, медицина, мәдениет, кәсіпкерлік, өндірісте еңбек ететін, мемлекеттік жастар саясатының дамуына өзіндік үлесін қосқандарға облыс әкімінің «Сыр үміті» сыйлығы жыл сайын табысталып келеді. Баспанаға мұқтаждық мәселесін шешу үшін «Сыр жастары» бағдарламасы қолға алынды. Оған облыстық бюджеттен «Отбасы банк» тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» арқылы кредит беруге 1,2 млрд теңге бөлінді.

«Сыр жастары» – жылына 100 жас отбасыны баспанамен қамтуға бағытталған, өңірлік тың жоба, аймақ жастарын қолдау мен қамқорлықтың жарқын үлгісі.

Аудан орталықтарының барлығында типтік үлгідегі «Руханият орталықтары» бой көтерді. Бұл ғимаратта ардагерлер, аналар кеңесі, архив, музей, жастар орталықтарымен бірге Ассамблея мүшелеріне де «Қоғамдық келісім» кабинеті қарастырылған. Онда жергілікті этномәдени бірлестіктер бас қосады. Облыстық этномәдени бірлестіктер «Достық үйінде», ал аудандарда «Руханият орталықтарында» белсенді жұмыс жасап, этносаралық қатынастың нығаюына септігін тигізе бермек. Биыл Қызылорда қаласындағы Бейбарыс сұлтан көшесінің бойынан жаңа үлгідегі «Достық үйінің» құрылысы басталды. Ғимарат жыл соңында ел игілігіне беріледі.

Нурия Ниязова мен Тимур Жұмырбаев Сыр елінде атқарылған жұмыстарға оң бағасын беріп, осы істердің барлығы жастардың, этнос өкілдерінің, жалпы тұрғындар арасындағы татулықты, келісімді одан әрі нығайтатынын айтты.

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

Тағы да оқыңыз:

Яндекс.Метрика