Сенбі, 18 қаңтар, 01:40

Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Сыр өңірінде өткен жылы 10 мыңнан аса тұрғын баспаналы болды

17.01.2025

39

0

Б.Жаханов

Соңғы 2 жылда мемлекет тарапынан жасалып жатқан қолдаудың арқасында облысымыздың тұрғын үй құрылысының өсу қарқыны рекордтық көрсеткішке жетіп отыр.

Атап айтқанда, 2022-2023 жылдары 4 мыңға жуық пәтер табысталып, 17 мың тұрғынның баспана мәселесі шешілген болса, 2024 жылы бюджет есебінен және жеке салушылардан дайын пәтерлер сатып алуға 40,3 млрд. теңгеге 2 500-ден астам пәтер табысталып, 10 мыңнан аса тұрғын баспаналы болды (кредиттік — 504, әлеуметтік осал таптарға — 1948 апатты деп танылған азаматтарға — 121)

Нәтижесінде облысымыз халықтың әлеуметтік осал топтарына тұрғын үй сатып алу көрсеткіші бойынша Республикада 2-ші орынға шықты. (1-ші Түркістан облысы 2086 пәтер)

2024 жылы Тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамытудың 2023 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы аясында тұрғын үй құрылысына және пәтер сатып алуға 40,3 млрд.теңге қаржы бөлінді.

Бөлінген қаржыға 904 пәтерді құрайтын 16 кредиттік тұрғын үйдің құрылысы жүргізілді.

Оның ішінде, Сырдария өзенінің сол жағалауында 7-қабатты 84-пәтерлі 6 тұрғын үй пайдалануға берілді, №2 тұрғын ауданында 5-қабатты 40-пәтерлі 10 тұрғын үйдің құрылысы 2025 жылға өтпелі.

Сонымен бірге, тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтарды баспанамен қамтамасыз ету мақсатында халықтың әлеуметтік жағынан осал топтары үшін 1 948 пәтер  сатып алынды.

Оның ішінде: Қызылорда қаласында 933 пәтер, ал аудандарда 1015 пәтер (Арал – 150, Қазалы – 148, Қармақшы – 156, Жалағаш – 111, Сырдария – 148, Шиелі – 178, Жаңақорған ауданында – 124 пәтер).

Қызылорда қаласында жалғыз баспанасы апатты деп танылған азаматтарға 121 пәтер сатып алынды.

Бүгінгі күні облыс бойынша тұрғын үй кезегіне 36 234 азамат тіркеліп отыр. Оның ішінде Қызылорда қаласы бойынша 25 825 азамат тіркелген.

2024 жылдың қорытындысымен қаңтар-желтоқсан айларында қаржыландырудың барлық көздері есебінен 866,8 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріліп, өткен жылдың сәйкес кезеңіне 116,9% құрады.

2025 жылы Тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамытудың 2023 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы аясында тұрғын үй құрылысына және сатып алуға 7,7 млрд.теңге қаржы бөлінген.

Облыстық бюджеттен бөлінген 3,9 млрд. теңгенің 2,2 млрд.теңгесіне 650 пәтерді құрайтын 15 тұрғын үйдің құрылысы жүргізілетін болады.

Оның ішінде:

Сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үйлер құрылысы бойынша Байқоңыр қаласындағы 50-пәтерлі 5 тұрғын үйдің құрылысын аяқтап, пайдалануға беру.

Кредиттік тұрғын үй құрылысы бойынша Сырдария өзенінің сол жағалауында 5-қабатты 40-пәтерлі 10 тұрғын үйдің құрылысын аяқтап, пайдалануға беру көзделуде.

Қалған 1,7 млрд.теңгеге Қызылорда қаласында жалғыз баспанасы апатты деп танылған азаматтарға 135 пәтер сатып алынатын болады.

Ал, республикалық бюджеттен бөлінген 3,8 млрд.теңгеге тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтарды баспанамен қамтамасыз ету мақсатында халықтың әлеуметтік жағынан осал топтары үшін  292 пәтер сатып алынатын болады.

Б.ЖАХАНОВ,

Облыс әкімінің орынбасары

Тағы да оқыңыз:

Яндекс.Метрика