Жұма, 16 қаңтар, 13:40

Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Сыр өңірі Қытаймен агроөнеркәсіп саласындағы ынтымақтастықты кеңейтуде

15.01.2026

7

0

615209802 1182901174031125 6787265279523067379 n
Фото: Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

Сыр өңірінің агроөнеркәсіп саласына инвестиция тарту мақсатында облыс әкімінің орынбасары Бахыт Жаханов бастаған делегация Қытай Халық Республикасына жұмыс сапарымен барды, деп хабарлайды Қызылорда облысы әкімнің баспасөз қызметі.

Делегация құрамында ауыл шаруашылығы құрылымдарының өкілдері бар. Олар Бэйянь округінде Қытайдың ауыл шаруашылығы саласындағы жетекші компанияларымен кездесулер өткізді. Атап айтқанда, ғылым докторы Лу Нанмен кездесуде сапалы тұқыммен қамтамасыз ету мәселелері талқыланды.

615222604 1182901234031119 2411116874712063556 n

Бұдан бөлек, «Jiarun Agriculture», «Gao’s Hetian Rice Industry», «Baqi» сынды күріш және жүгері дақылдарын өндіретін ірі агроөнеркәсіп кәсіпорындарының жұмысымен танысып, тәжірибе алмасты.

Сапар аясында Хайнань провинциясының өнеркәсіптік қалалық Инвестициялар паркінде маңызды кездесу өтті. Онда агроөнеркәсіп саласындағы ынтымақтастықты кеңейту, агротехнологияларды дамыту, ресурстарды интеграциялау және өндірістік парктерді бірлесіп салу мәселелері талқыланды. Қызылорда облысының әкімдігі, Хайнань провинциясының өнеркәсіптік қалалық Инвестициялар паркі және Хейлунцзян Хэхуэйдэ сауда компаниясы арасында ауыл шаруашылығы саласын дамытуға бағытталған үшжақты меморандумға қол қойылды.

615927192 1182901467364429 52478752047718043 n

Дунфан қаласында делегация мүшелері «Бір белдеу – бір жол» бастамасы аясында өткен халықаралық ауыл шаруашылығы конференциясына қатысты. Конференция Қытай мен Қазақстан арасындағы агроөнеркәсіптік ынтымақтастықты тереңдетуге, инвестициялық мүмкіндіктерді таныстыруға және бірлескен жобаларды іске асыруға бағытталды.

Онда аграрлық технологиялар мен өнім өңдеу саласындағы өзекті мәселелер көтерілді. Сондай-ақ, Хайнань халықаралық экономикалық даму бюросы, Хайнань-Хэйлунцзян сауда-өнеркәсіп палатасы, Дунфан жүгері өнеркәсібі қауымдастығы және Баян уезінің ауыл шаруашылығын дамыту компаниясы арасында ынтымақтастық жөніндегі меморандумға қол қойылды.

Аталған келісімдер Қытай мен Қазақстан арасындағы агроөнеркәсіптік серіктестікті жаңа деңгейге көтеріп, Сыр өңірінің ауыл шаруашылығы саласына инвестиция тартуға және «Бір белдеу – бір жол» бастамасы аясындағы тиімді жобаларға жол ашады.

617566358 1182901297364446 1847039930661492211 n
616683143 1182901294031113 6860578565540289307 n

Тағы да оқыңыз:

Яндекс.Метрика