Жексенбі, 15 қыркүйек, 03:16

Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңестің отырысы өтті

28.08.2024

123

0

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңестің отырысы өтті

«AMANAT» партиясы Қазақстанның болашағы үшін тарихи жауапкершілікті өз мойнына алған жетекші партия. Партияның әрбір мүшесі еліміздегі реформалардың сәтті жүргізілуіне, халықтың тұрмысын, тіршілігін жақсартуға бағытталған тапсырмаларының орындалуына тікелей әсер етуші күш. Осыған сай, олар өзінің күнделікті еңбегі арқылы қоғамдағы қоғамдық-саяси тұрақтылықты, жалпыұлттық бірлікті нығайта отырып, экономикалық тұрғыдан қуатты, демократиялық мемлекет құруға қол жеткізуі керек.

Бүгін партияның облыстық филиалының Атқарушы хатшысы Ләйлә Төрешованың қатысуымен партия филиалы жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңесінің отырысы өтіп, онда жемқорлық фактілері, соның ішінде партия мүшелерінің өз бизнесіне қолдау көрсетуді мемлекеттік қызметімен заңсыз үйлестіруі бойынша оларды отставкаға жіберу, лауазымынан босату, депутаттық өкілеттіктерін тоқтату, партиядан шығару туралы мәселелер қаралды.

Бүгінгі жағдайда өз бизнесін мемлекеттік қызметімен заңсыз үйлестіруде айқындалған фактілер орын алмаған. Мұны жиын барасында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің облыстық превенция басқармасы басшысының мәндетін атқарушы Олжас Мырзағалиев атап өтті.

Ал депутаттардың өкілетілігін тоқтатуы бойынша 5 бос орын бар екені анықталды. Оның 2-еуі мемлекеттік қызметке ауысуына байланысты болса, 2- еуі мекен-жайын басқа қалаға ауысуына, ал 1 депутат Ажол партиясынан өз еркімен өкілеттілігін тоқтатқан. Партия мүшелігенен жемқорлық фактілерімен партиядан шығарылғандар жоқ.

«AMANAT» партиянық филиалына келсек жыл басынан 231 адам партия қатарынан шығарылған. Олардың 175-і 6 айдан астам уақыт партия жарнасын төлемегендер болып табылса, 40 азамат қайтыс болуына байланысты, 16 адам жазбаша өтініш негізінде партиядан шығарылған.

«Қазіргі кезде әлеуметтік желіде партия атына кір келтіріп, беделін түсіретін әрекеттер жасап жүрген мәслихат депуттаттары шығуда. Әрине бұл депутаттар біздің облыстан емес, дегенменде партиялық әдеп нормаларын бұзуға жол бермеу керек. Сондықтан жұмыс және жұмыстан тыс уақыттада партия мүшелері беделін түсіретін немесе қоғам тарапынан сын тудыратан ситуациялардан өзін алшақ ұстауы тиіс», – деді Кеңес төрағасы Мақсұт Нәлібаев.

Дереккөз: Kyzylorda-news.kz

Тағы да оқыңыз:

Яндекс.Метрика