Жұма, 14 наурыз, 07:14

Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Су тасқынының алдын алу мәселелері талқыланды

13.03.2025

12

0

484126937 946533844334527 4146679845497515259 n

Бүгін Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен Су тасқынына қарсы шараларды үйлестіру және қарғын су жүру кезеңінің салдарын жою жөніндегі республикалық штаб отырысы өтті.

Қазіргі таңда Шардара су қоймасынан Сырдария өзенінің төменгі ағысына секундына 500 текше метр су жіберілсе, оның 200 текше метрі Көксарай су реттегішіне алынуда. Облыс аумағына секундына 378 текше метр су келіп түсуде. Ықтимал су тасқынының алдын алудың кешенді шаралары үйлестіріліп, «2024-2025 жылдардағы қысқы-көктемгі кезеңде Сырдария өзеніндегі үлкен көлемдегі суды қауіпсіз өткізу» жоспары бекітілді.

Өзен суы магистральді каналдар мен көлдер жүйесіне жіберу арқылы реттелуде. Су басу қаупі бар аймақтарға арнайы техника, күш-құралдары бар жауапты мекемелер бекітілген. Тасқынға қарсы қажетті материалдық-техникалық қор да, халықты көшіру пункттері де дайын. Жергілікті атқарушы органдар, төтенше жағдайлар мен су шаруашылығы мамандары тәулік бойы кезекшілікте.

Облыс бюджетінен 139 млн. теңге бөлініп, «Қазавиақұтқару» акционерлік қоғамымен жасалған келісім-шартқа сәйкес 2 тікұшақ дайындыққа келтірілді. Мұз жарумен айналысатын арнайы мамандандырылған мекемемен келісім-шарт жасалған. Өткен жылы 3 нысандағы қорғаныс бөгеттеріне облыстық бюджеттен 130 млн. 500 мың теңге бөлініп, тиісті жұмыс жүргізілді. Бұдан бөлек, бюджеттен тыс қаржы көздері есебінен 20 нысан жөндеуден өтті.

483510178 946576970996881 2845676712559128750 n
484796752 946577004330211 6258100680706832910 n

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

Тағы да оқыңыз:

Яндекс.Метрика