Сейсенбі, 04 қараша, 21:56

Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Спорт инфрақұрылымын және бұқаралық спортты дамыту мәселесі талқыланды

04.11.2025

8

0

574315552 1129460489375194 1469965016403511779 n
Фото: Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

Бүгін Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен Үкімет отырысы өтті. Күн тәртібінде егін жинау науқанының қорытындысы, спорт инфрақұрылымын дамыту және бұқаралық спортты қолдау мәселелері талқыланды. Оған облыс әкімінің бірінші орынбасары Данияр Жаналинов селекторлық режим арқылы қатысып, баяндама жасады.

Үкімет отырысынан кейін өткен мәжілісте осы және өзге де мәселелерге орай бағыт-бағдар белгіленіп, жауапты сала басшыларына тапсырмалар жүктелді.

«Қазіргі таңда егін жинау жұмыстары толығымен аяқталды. Ендігі кезекте сүдігер айдау және күздік бидай егуді мерзімінде бітіру қажет. Келесі маңызды мәселенің бірі – жер үлескерлерінің мәселесі. Егін жиналған соң жыл сайын ірі шаруашылықтар мен жер үлескерлері арасында наразылық орын алады. Мәселенің маңызын ескеріп, шаруашылық басшыларымен, жергілікті тұрғындармен кездесіп, жан-жақты талқылап, заңнамаға сәйкес шешілуін қамтамасыз ету қажет. Қала, аудан әкімдері шаруашылық басшыларының халық алдында есеп беруін қатаң қадағалаңыздар!

Халықтың спортпен шұғылдануы үшін барлық жағдай жасалуы тиіс. Заманауи үлгідегі спорт инфрақұрылымын дамыту, санын арттыру, халыққа қолжетімді болуы үшін ауқымды жұмыс жүргізілуде. Бұл бағыттағы жұмыс жүйелі түрде жалғасуы қажет.

Саладағы тағы бір өзекті мәселе – спорт нұсқаушыларының жетіспеушілігі. Бұл өте маңызды, сондықтан жұмысты жүйелі ұйымдастыру қажет. Дені сау, белсенді әрі табысты қоғам қалыптастыру үшін балалардың, жастардың спортпен шұғылданып, салауатты өмір салтын ұстануын басты мақсат етіп қоюымыз қажет», – деді Данияр Еренғалиұлы.

Аймақта спорт саласын дамытуда ауқымды жобалар қолға алынды. Биыл дене шынықтыру мен спортты дамытуға жергілікті бюджеттен 38 млрд. 213 млн. теңге қаржы бөлінді.

Қазіргі таңда аймағымызда 340 мыңнан астам тұрғын спортпен жүйелі түрде шұғылданады. Бұл – өңір халқының 40,4 пайызы. Соңғы 3 жылда 20 спорт кешені пайдалануға берілді. Биыл «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында елді мекендерде тағы 6 спорт кешені ел игілігіне табысталады.

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

Тағы да оқыңыз:

Яндекс.Метрика