Жексенбі, 15 қыркүйек, 03:20

Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Шиеліде аудан әкімінің сайлауы өткізіледі

08.08.2024

227

0

Шиеліде аудан әкімінің сайлауы өткізіледі

15 қыркүйекте Шиелі ауданы әкімінің сайлауы өткізіледі. Сайлау науқаны аудан әкімінің өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылуына байланысты ұйымдастырылады.

Аудан бойынша барлығы 50 716 сайлаушы тіркелген. Ауданда 40 сайлау учаскесі жұмыс істейді. Мұнда 272 учаскелік комиссия мүшесі қызмет атқарады.

ҚР Сайлау туралы Конституциялық заңына сәйкес аудан әкімінің сайлауын өткізудің Күнтізбелік жоспары бекітілген.

Аудан әкіміне үмітті азаматтар ұсыным құжаттарын 21 тамыз сағат 18.00-ге дейін аудандық сайлау комисиясына өткізуі керек. Ал, кандидаттарды тіркеудің соңғы күні 23 тамыз күні сағат 18.00-де аяқталады.

Кандидаттар үшін үгіт кезеңі 23 тамыз сағат 18.01-ден 14 қыркүйек күні сағат 00.00-де аяқталады.

14 қыркүйек – тыныштық күні, 15 қыркүйек – дауыс беру күні болып бекітілген.

Кандидаттар саяси партия және өзін-өзі ұсыну жолымен үміткер бола алады.

Айта кетейік, Қызылорда өңірінде кент және ауылдық округ әкімдерінің де сайлауы қарқынды жүргізілуде. Жыл басынан бері 2 кент және 15 ауылдық округ әкімінің сайлауы өткізілді. 

Дереккөз Kyzylorda-news.kz

Тағы да оқыңыз:

Яндекс.Метрика