Бейсенбі, 20 қараша, 17:13

Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Шиелі ауданында тұрғындардың жеке мәселелері қаралды

19.11.2025

16

0

585047651 1141837654804144 6870215625311399106 n
Фото: Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Шиелі ауданындағы Оқушылар үйінде құқық қорғау органдарының бірінші басшыларымен бірге тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдады.

Жұртшылық сұранысына үн қатып, мәселені шұғыл шешетін, азаматтардың сындарлы өтініш-тілектерін жедел әрі тиімді қарастыратын мұндай кездесулердің маңызы зор. Кейінгі жылдары дәстүрге айналған бастама ел арасында үлкен қолдауға ие болды. Қабылдау туралы алдын ала хабардар болған тұрғындар облыс әкіміне және құқық қорғау органдарының бірінші басшыларына сауалдарын, ұсыныс-тілектерін жеткізеді.

Бүгінгі жеке қабылдауға жазылғандардың басым бөлігі әлеуметтік, ауыл шаруашылығына қатысты мәселелерді қозғады.

585884921 1141837808137462 8223462513500891450 n

Мысалы, аудан орталығындағы бұрын орталық парк болып, кейін жекеменшікке өткен жер учаскесі бүгінде мемлекет меншігіне қайтарылған. Демалыс орнын қайта қалпына келтіру мақсатында «Еңбекшілер аллеясы» жобасы әзірленді. Қабылдауға келген құрылыс саласының ардагері осы жобаны қаржыландыруға қолдау көрсетуді сұрады. Ал, су саласының ардагері Сырдария өзеніндегі су деңгейін реттеу мәселесін көтерді.

Облыс әкімі сала басшыларына тиісті тапсырмалар беріп, заң аясында шешім қабылдау қажеттігін айтты.

Қабылдауда жалпы саны 50-ден астам азаматтың өтініші қаралды. Ал, облыс әкіміне 10-нан астам тұрғын өз сұрақтарын қойды.

Соңында облыс әкімі аудандық Оқушылар үйіне жиналған ардагерлермен кездесті. Өңірдің әлеуметтік-экономикалық, мәдени-рухани дамуындағы мәселелерді жан-жақты талқылап, халықтың ой-пікірін, ұсыныстарын тыңдады.

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

Тағы да оқыңыз:

Яндекс.Метрика