Бейсенбі, 25 желтоқсан, 12:51

Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Шалғайдағы Тастүбек ауылы таза ауыз сумен қамтылды

24.12.2025

6

0

605541092 1167223755598867 2701169873521325295 n
Фото: Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

Облыстық мәслихат төрағасы Мұрат Тлеумбетовтің, Арал ауданының әкімі Аманжол Оңғарбаевтың қатысуымен Тастүбек елді мекеніне ауыз су қосу рәсімі өтті.

Мұрат Жолкелдіұлы аймақ басшысы Нұрлыбек Машбекұлының құттықтауын жеткізіп, мемлекет қолдауымен игілікке кенелген ауыл тұрғындарына ізгі тілегін айтты.

603071096 1167223535598889 4385065470181307046 n

“Бүгін Тастүбекке орталықтандырылған ауыз су жеткізілді. Жобаны іске асыруға 1 млрд. 200 млн. теңге қаралған. Атап өту қажет, қаржы заңсыз иемденген активтер есебінен бөлінген. Мемлекет басшысы заңсыз иемденген активтерді қайтарып, бүкіл елдегі әлеуметтік нысандар құрылысына, жаңғырту жұмыстарына жұмсау туралы тапсырма бергені белгілі.

Бұған дейін ауыл тұрғындары ауыз суды жерасты құдығынан тасымалдап, тұтынып келді. Енді сол қиыншылықтардың барлығы артта қалды. Ауыз су әрбір тұрғын үйге жеткізілді.

Барша тастүбектіктерді құттықтаймын!

Сапалы таза суды игіліктеріңізге пайдаланыңыздар!

Халқымыз аман болып, береке-бірлігіміз арта берсін!”, -деді М.Тлеумбетов.

Жиында ауданның дамуына елеулі үлес қосқан азаматтар мен ауыз су желісін тартқан мердігер мекеме қызметкерлері облыс әкімінің Алғыс хатымен марапатталды. «Жамбыл» өндірістік кооперативінің төрағасы, еңбек ардагері Табын Әленов батасын берді.

602386532 1167223608932215 6282790080931528592 n

Айта кетейік, Мемлекет басшысының 2025 жылы еліміздің барлық аймағын 100 пайыз ауыз сумен қамтамасыз ету тапсырмасын орындау мақсатында өңірде 2022 жылдан бастап 35 млрд. 500 млн.теңгенің 77 жобасы жүзеге асты. Өткен жылдың қорытындысымен облыс халқының 98,6 пайызы

орталықтандырылған ауыз суға қосылса, биыл 9 елді мекенге ауыз су желісі тартылып, көрсеткіш 100 пайыздық межеге жетті.

Арал ауданындағы 5 елді мекенге су жеткізу үшін 12 млрд 700 млн. теңге бөлінді.

603887647 1167223635598879 69135554718771977 n
604536355 1167223655598877 6260032552877468736 n

Тағы да оқыңыз:

Яндекс.Метрика