Жұма, 12 желтоқсан, 20:58

Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Шәкен ауылына ауыз су келді

11.12.2025

16

0

597821926 1157669393220970 6512520801109448769 n
Фото: Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

Бүгін Қазалы ауданындағы Шәкен ауылына ауыз су қосу рәсімі өтті. Оған облыстық мәслихат төрағасы Мұрат Тлеумбетов, облыс әкімінің орынбасары, ҚР Президентінің «Байқоңыр» кешеніндегі арнаулы өкілі Қайрат Нұртай, зиялы қауым өкілдері мен ауыл тұрғындары қатысты.

Облыстық мәслихат төрағасы аймақта Мемлекет басшысының ауылдарды 100 пайыз ауыз сумен қамтамасыз ету тапсырмасының орындалу барысы туралы айтты.

«Президентіміз халықты таза ауыз сумен қамтамасыз ету айрықша маңызды міндет деп белгілегені белгілі. Осы бағытта қабылданған нақты шаралардың арқасында бүгінде қала халқының және ауыл тұрғындарының көпшілігіне таза ауыз су жеткізілді.

Сумен жабдықтау жүйесін салу және жаңғырту – Мемлекет басшысының тапсырмасы, Үкімет жұмысының басым бағытының бірі. Қалалар мен ауылдардың барлығына түгелдей ауыз су жеткізу жөніндегі тапсырма Сыр өңірінде сапалы орындалуда.

Ауылымыздың дамуы мен келешегінің жарқын болуы тұрғындардың бірлігі мен татулығына тікелей байланысты. Ауыз судың тартылуы әрбір отбасының тұрмысына, өмір сапасына оң әсер ететіні сөзсіз. Өңіріміздің жарқын болашағы үшін еңбек етіп жүрген барлық жерлестерімізге шексіз алғысымды білдіріп, әр шаңыраққа амандық, молшылық пен береке тілеймін», – деді Мұрат Жолкелдіұлы.

597979465 1157669496554293 2095342234456525600 n

Рәсімде аға буын өкілдері, ауыз су жүргізген мердігер мекеме қызметкерлері облыс әкімінің Алғыс хатымен марапатталды. Шәкен ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы Әзілхан Үмбетов сөз сөйлеп, игі тілегін жеткізді.

Аймақта 2022 жылдан бері қолға алынған 14 млрд. теңгенің 60 жобасы тұрғындардың сапалы ауыз су пайдалануын қамтамасыз етіп, жаңа экономикалық мүмкіндіктерге жол ашты, тұрмыс сапасын едәуір жақсартты. Өткен жылдың қорытындысымен облыс халқын орталықтандырылған ауыз су жүйесімен қамту деңгейі 98,6 пайызға жеткен. Биыл бұл көрсеткіш 100 пайыз болмақ.

596407552 1157669519887624 6671363528753847823 n
597070242 1157669543220955 5567699214968208050 n

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

Тағы да оқыңыз:

Яндекс.Метрика