Бейсенбі, 14 тамыз, 00:25

Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Сенат депутаттары Қызылордадағы әлеуметтік маңызы бар нысандар құрылысымен танысты

10.08.2025

32

0

530076376 1058834389771138 672176226810086930 n
Фото: Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

Бүгін Сенат депутаттары Наурызбай Байқадамов, Руслан Рүстемов, жауапты басқарма басшылары және облыстық мәслихат депутаттары сол жағалаудағы көпбейінді аурухананың және «Қызылорда Арена» спорт кешенінің құрылыс барысын көрді.

Бір ауысымда 100 келушіге арналған емханасы бар, 300 төсектік аурухана құрылысы республикалық бюджет есебінен қаржыландырылған. Бас мердігер «Мелиоратор», бас жобалаушы «ALTYN строй-проект, техникалық қадағалаушы «АДС САПА» серіктестіктері.

Нысан 3, 5, 7 және 9 қабатты блоктардан тұрады. Жалпы жер аумағы 6,8 гектар, ғимараттың жалпы ауданы 57 333,7 шаршы метр. Құрылыс жұмыстары 2023 жылдың наурыз айында басталып, 2026 жылы аяқталуы жоспарланған. Қазір монолит плиталары құйылып, кірпіші қалануда.

«Қызылорда Арена» спорт кешені облыстық бюджет есебінен салынуда. Бас мердігер «ASPAN HOLDING, жобалаушы «Жоба», техникалық қадағалаушы «Строй-Проф» серіктестіктері.

Кешен 3 және 4 қабатты блоктардан тұрады. Жалпы жер көлемі 2,1 гектар, ғимараттың жалпы ауданы 25 540,67 шаршы метр. Құрылыс жұмыстары 2025 жылдың шілдесінде басталып, 2027 жылы аяқталады. Жаңа кешен өңірдің спорт инфрақұрылымын, бұқаралық спортты дамытуға, халықаралық деңгейдегі жарыстарды өткізуге мүмкіндік береді.

530226491 1058834193104491 7666932461234033909 n
530443846 1058834259771151 1278530489207073900 n

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

Тағы да оқыңыз:

Яндекс.Метрика