Сәрсенбі, 18 ақпан, 05:42

Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Сабалақ саяжайына газ қосылды

17.02.2026

21

0

634777063 1209962134658362 2567453310659689075 n
Фото: Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

Бүгін облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың қатысуымен Сабалақ елді мекеніне газ қосу рәсімі өтті. Оған Парламент Мәжілісінің депутаттары Мұрат Әбенов, Мархабат Жайымбетов, Мұрат Ергешбаев, құқық қорғау органдарының бірінші басшылары, мәслихат депутаттары, зиялы қауым өкілдері мен ел ағалары арнайы қатысты, деп хабарлайды Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Аймақ басшысы тұрғындарды көптен күткен игіліктің іске асуымен құттықтады.

dfd02892 2c28 4287 ab80 b7688eefac06

«Мемлекет басшымыз Қасым-ЖомартКемелұлықаламызда өткен Ұлттық құрылтайда: «Соңғы жылдары Қызылорда облысы заман талабына сай өсіп-өркендеп жатыр» деп, аймағымыздың барлық салада қарқынды дамығанын ерекше атап өтті. Cыр өңірінде атқарылған жұмыстарға оң бағасын берді.

Тарихи миссиясы маңызды жиында Мемлекет басшымыз Қызылорда қаласында 300 орындық көпбейінді аурухана құрылысы басталғанын, алдағы уақытта 500 орындық емхана мен 200 орындық перзентхана салынатынын, жаңа драма театр мен заманауи Президенттік кітапхана құрылысы басталатынын жариялады.«Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық автодәлізінің Қызылорда – Ақтөбе бағытындағы жолын төрт жолақты етіп кеңейту жобасы, «Бейнеу – Сексеуіл» жолының құрылысы биыл қолға алынатынын айтты. Бұл – Мемлекет басшымыздың Сыр жұртшылығына ыстық ықыласы, тұрғындарымыздың бекем бірлігі мен тату тірлігінің нәтижесі!

Халқымызда «Мұраты бірдің қуаты бір» деген сөз бар. Ауылдың дамуы, келешегі Сіздерге, тұрғындардың еңбекқорлығымен ауызбірлігіне байланысты. Сабалаққа  қосылған көгілдір отын халықтың тұрмыс сапасын арттырып, әлеуметтік жағдайын жақсартуға оң әсер етеді деп сенеміз!», – деді Н.Нәлібаев.

Рәсімде аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосқан тұрғындар және мердігер мекеме қызметкерлері облыс әкімінің Алғыс хатымен марапатталды. Парламент Мәжілісінің депутаттары Мұрат Абдуламитұлы, Мархабат Жайымбетұлы, Мұрат Нәлқожаұлы құттықтау сөз сөйледі. Қызылорда қаласының құрметті азаматы Сайлаубай Әбішев батасын берді.

7f132cbf 5d35 43c3 9abd 90193f8182ac

Айта кетейік, Қызылорда қаласында 80-ге жуық саяжай бар, оның 10-ға жуығында халық тығыз қоныстанған. Осыған байланысты бас жоспарға өзгерістер енгізіліп, бірқатар саяжайға «Тұрғын үй аумағы» мәртебесі берілді.

Сабалақ саяжайы қала шекарасына енгізіліп, инфрақұрылым жеткізуге мүмкіндік жасалды. Соңғы төрт жылда бұл аумаққа 6 млрд теңгеден астам қаржы бөлініп, 22 шақырым ауыз су магистралі тартылды. Су мұнарасы орнатылып, электр желісі жүргізілді, 20-ға жуық көшеге орташа жөндеу жасалды.

Сонымен қатар, мемлекет және қоғам қайраткері Мұрат Бақтиярұлы бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында «Орда скул-2» жеке мектебін мемлекет меншігіне берді.

Сабалаққа 3,2 млрд теңгеге газ тартылып, 1 694 үйге көгілдір отын қосылады. Алдағы уақытта басқа да саяжайларға кезең-кезеңімен инфрақұрылым жүргізіледі.

8275e738 b5d3 4035 83fa 59f05d238e7d
637050411 1209962377991671 1208885217382043641 n

Тағы да оқыңыз:

Яндекс.Метрика