Сейсенбі, 24 ақпан, 02:36

Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Руханият пен реформалар үндестігі: мәдениет саласының қызметкерлерімен кездесу

23.02.2026

9

0

633c5d9c 3f08 4e69 a2c5 98f04e32cc2d

Қармақшы аудандық Ш.Төлепова атындағы мәдениет үйінде  аумақтық коалиция мүшелері мен мәдениет саласының қызметкерлері арасында мазмұнды кездесу өтті. Ашық пікір алмасу форматында ұйымдастырылған жиын ел дамуының жаңа кезеңіндегі саяси реформалар мен Конституциялық өзгерістердің мән-маңызын талқылауға арналды.

Кездесуге аумақтық коалиция жетекшісі Әділ Қошалақов, коалиция мүшелері Ғалымжан Ақжігітов, Ерболат Ұзақбаев, Дәулет Қанатбай, Алпысбай Серкешбаев және Айдынбек Скендиров қатысты.

Жиын барысында мәдениет мамандарымен ашық диалог құрылып, жаңа Конституциялық жобаның негізгі басымдықтары кеңінен сараланды. Қатысушылар заң үстемдігін нығайту, азаматтардың құқықтарын қорғау, басқару жүйесін жетілдіру және қоғамдағы жауапкершілікті арттыру мәселелеріне ерекше тоқталды.

Аумақтық коалиция жетекшісі Әділ Қошалақов өз сөзінде  Конституциялық өзгерістердің тарихи маңызын атап өтті:

77a42204 e8d7 4741 a571 be5e26e17e2a

«Жаңа кезеңдегі реформалар – ел дамуының сапалы сатысы. Конституциялық өзгерістер қоғамдағы әділеттілікті нығайтып, әрбір азаматтың құқықтық қорғалуын қамтамасыз етеді. Ал мәдениет саласы – осы құндылықтарды халық санасына сіңіретін маңызды күш»- деді.

Ол мәдениет қызметкерлерін реформалардың мазмұнын кеңінен түсіндіруге және қоғамда құқықтық мәдениетті қалыптастыруға белсенді атсалысуға шақырды..

Ол Конституция – мемлекеттің негізгі тірегі екенін, ал енгізілген өзгерістер демократиялық үдерістерді жетілдіруге және қоғамдағы теңгерімді сақтауға бағытталғанын жеткізді.

Коалиция мүшесі Ерболат Ұзақбаев өз сөзінде Конституцияның қоғамдағы тұрақтылық пен келісімнің негізі екенін ерекше атап өтті:

c0f6c2f1 49db 4e58 b721 e2d0eff27d68

«Ата Заң – ел бірлігінің кепілі. Заң үстемдігі орнаған жерде мәдениет те, руханият та дамиды. Жаңа өзгерістер – жауапкершілігі жоғары, белсенді азаматтық қоғам қалыптастыруға бағытталған маңызды қадам».- деді ол.

Кездесу барысында қатысушылар өз ойларын ортаға салып, сұрақ-жауап форматында пікір алмасты. Ашық диалог қоғам мен билік арасындағы сенімді нығайтуға бағытталған маңызды қадам екені атап өтілді.

e79174e9 1b04 4ece 8b24 62acd3769fa9

Тағы да оқыңыз:

Яндекс.Метрика