Жұма, 22 қараша, 12:58

Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Референдум: Қызылордадағы 109 Call орталығына 1000-ға жуық қоңырау түскен

02.10.2024

137

0

Референдум: Қызылордадағы 109 Call орталығына 1000-ға жуық қоңырау түскен
Фото: Ашық дереккөз

Республикалық референдумға 4 күн қалды.Маңызды саяси науқанда азаматтардың дауыс беруіне қолайлы жағдай үшін Қызылорда облысының әкімдігі арнайы 4 сервисті жүзеге асырды.

https://referendum.orda.gov.kz/kk сайты тұрғындар үшін үздіксіз жұмыс жүргізуде. Мұнда азаматтар сайтқа кіру арқылы өз учаскесін анықтап, референдум комиссиясының мекен-жайы, байланыс деректері және комиссия мүшелерінің құрамы туралы ақпаратты біледі. Сондай-ақ, әрбір азамат яндекс карта арқылы өз учаскесіне баратын жолдың сызбасын және такси құнын да көре алады.

Бүгінгі күнге дейін сайтты 5000-нан аса тұрғын қолданған. 

Бұл қызметтер «Smart Qyzylorda» мобильді қосымшасында және телеграм https://t.me/referendumKzo_bot желісінде бар.

– Референдум кезінде «Жедел әрекет ету орталығы» КММ-нің 109 бірыңғай байланыс қызметі 24/7 жұмыс жасауда. 2 ауысыммен жұмыс істейтін 24 диспетчер 25 күннің ішінде 1000-ға жуық қоңырауға жауап берді. Сауалдардың басым бөлігі – азаматтардың өз учаскесін анықтауы және дауыс берушілерді уақытша тіркеу мәселелеріне қатысты, – дейді мекеме директоры Темірхан Мұқанғали.

Сондай-ақ, дауыс беру күні Қызылорда қаласындағы 5 учаскеде онлайн сервис ашылып, тізімде жоқ азаматтарды тіркеу қызметімен айналысады. Олардың да тізімі аталған сайтқа енгізілген.

№198 РУ – №5 мектеп-лицей

№250 РУ – №261 орта мектеп

№189 РУ – №136 мектеп-лицей

№264 РУ – №264 мектеп-лицей

№347 РУ – №271 орта мектеп

Айта кетейік, Қызылорда өңірінде 380 референдум учаскесі бар. Мұнда 492 380 азамат дауыс беруге құқылы.

Дереккөз: Kyzylorda-news.kz

Тағы да оқыңыз:

Яндекс.Метрика