Дүйсенбі, 16 наурыз, 13:36

Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Референдум: Қызылорда облысы дауыс беру бойынша бірінші орында

15.03.2026

5

0

652243655 1230460759275166 5425514182242261472 n

Конституцияға өзгерістер енгізуге байланысты референдумда Қызылорда облысы тұрғындарының 93,04 %-ы дауыс беріп, республикада бірінші орынға шықты. Маңызды саяси науқанда қазақстандықтардың 73,24%-ы өз таңдауын жасаған.

Орталық референдум комиссиясының мәліметінше, сағат 20:00-дегі жағдай бойынша 9 126 850 азамат дауыс берді.

Еске салайық, облыс бойынша 378 референдум учаскесі қызмет етті.

Дауыс берушілерге ыңғайлы болу үшін 179 онлайн сервис, уақытша тіркеу қызметін атқаратын 5 онлайн учаске іске қосылды.

Азаматтар өз учаскесін 4 платформа арқылы анықтады. «Smart Qyzylorda» мобильді қосымшасындағы https://referendum.orda.gov.kz сайты және арнайы телеграм боты үздіксіз жұмыс істеді.

Азаматтар сайтқа кіріп, өз учаскесі, референдум комиссиясының мекен-жайы, байланыс деректері және комиссия мүшелерінің құрамы туралы ақпарат алды.

Сондай-ақ 109 қызметінің диспетчерлері де сауалдарға жауап берді.

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

Тағы да оқыңыз:

Яндекс.Метрика