Сейсенбі, 30 желтоқсан, 12:51

Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Қызылордалықтар Жаңа жыл қарсаңында жаңа пәтер кілтін алды

29.12.2025

10

0

607609982 1170546491933260 5412261076403444867 n
Фото: Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Бүгін облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың қатысуымен Қызылорданың сол жағалауында бой көтерген тоғыз қабатты 120 пәтерлік екі тұрғын үйдің кілтін кезекте тұрған отбасыларға табыстау рәсімі өтті.

Оған Парламент Сенатының депутаттары Наурызбай Байқадамов, Руслан Рүстемов, құқық қорғау органдарының бірінші басшылары, аудан әкімдері мен арнайы келген делегаттар, зиялы қауым өкілдері мен ел ағалары қатысты.

Аймақ басшысы жыл алмасар шақтағы жаңалықтарға, құрылыс, оның ішінде тұрғын үй құрылысы саласындағы жетістіктерге тоқталып, жаңа пәтер иелерін қоныстоймен құттықтады.

«Баршаңызды алдағы Жаңа жыл мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! 2025 еліміз үшін де, өңіріміз үшін де бірлік пен берекенің, тұрақтылық пен татулықтың, жасампаздық пен жарқын істердің жемісті жылы болды.

Президентіміздің, Үкіметтің қолдауымен өңірімізде серпінді жобалар жүзеге асып, әлеуметтік-экономикалық даму бағытында оң тенденция қалыптасты. Аймақ негізгі макроэкономикалық көрсеткіштер бойынша республикада алғашқы орындардан көрінді. Жалпы өңірлік өнім көлемі жыл қорытындысымен 3 трлн. 700 млрд. теңгеге жетіп, 6,5 пайыздық өсім қамтамасыз етілді. Облыс бюджеті 851 млрд. 300 млн. теңге болып, 2021 жылдан бері 246 пайыз өсті. Оның 56 пайызы әлеуметтік салаға бағытталды. Даму бюджетінің көлемі биыл 207 млрд. теңгеге жетіп, 2021 жылмен салыстырғанда 4,4 есе артты.

Өңірімізде қолайлы инвестициялық климат қалыптасып, жаңа ірі инвестициялық жобалар жүзеге асуда. Тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсарту үшін баспанамен қамтуда, инфрақұрылымды қайта жаңғыртуда тиісті шаралар қабылданды.

Мемлекет басшымыздың, Үкіметтің қолдауымен Қызылорда қарқынды құрылыс алаңына айналды. 2022 жылдан бері 200-ге жуық әлеуметтік нысан салынып, ел игілігіне берілді.

Бүгін – мемлекет қолдауымен баспаналы болған баршаңызға ерекше күн! Қоныстарыңыз құтты болсын!», – деді Н. Нәлібаев.

605137926 1170546798599896 6840460409781206898 n

Рәсімде тұрғын үйді сапалы салған құрылысшылар облыс әкімінің Алғыс хатымен марапатталып, Наурызбай Байқадамов құттықтау лебізін жеткізді. Қоғам қайраткері Бақберген Досманбетов бата берді.

Еске салайық, 2022-2024 жылдары тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтарға 5 мыңнан астам пәтер табысталды. Кейінгі үш жылда алғаш рет барлық ауданда 1800-ге жуық жаңа пәтер жерлестеріміздің игілігіне айналды. Биыл 3600 пәтерлік тұрғын үй салуға бюджеттен 58 млрд. 785 млн. теңге бөлінді.

Ерекше атап өту қажет, өткен жылдан бері қаламызда заманауи жаңа дизайнмен жеті, тоғыз, он екі қабатты тұрғын үйлер бой көтеруде.

608105779 1170546695266573 693735878315906192 n
605488505 1170546541933255 2553290464296506156 n
607680520 1170546531933256 8092849047151412440 n
605149534 1170546741933235 7662402829322164760 n
607728825 1170546751933234 5877290052037481724 n

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

Тағы да оқыңыз:

Яндекс.Метрика