Сейсенбі, 26 қараша, 03:48

Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Қызылордалық ғалымдар Мәскеуде ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізді

28.11.2023

267

0

galymdar_maskeude

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің ғалымдары Ресей Федерациясындағы Ресей ғылым академиясының Н.Н.Миклухо-Маклай атындағы Этнология және антропология институтының мұрағатында және мемлекеттік Шығыс халықтары музейінде  ғылыми-зерттеумен айналысты.

Ғалымдар Шығыс Арал маңының археологиялық мұраларын зерттеп, Хорезм археологиялық-этнографиялық экспедициясының жаңа архивтік деректерін жүйелеу мақсатында жұмыс жүргізді.

Сапар барысында «Археология және этнография» ғылыми орталығының жетекшісі, философия докторы Әзілхан Тәжекеев, орталық қызметкерлері – философия докторы Бағлан Шораев, докторант Ыслам Құрманиязов, жоба орындаушысы Рүстем Дәрменов жаңа деректермен танысты.

«1946-1990 жылдары Қызылорда облысы аумағында КСРО ҒА Хорезм археологиялық-этнографиялық экспедициясы зерттеу жұмыстарын жүргізген болатын. Мұрағаттық материалдар қазіргі кезде Н.Н.Миклухо-Маклай атындағы Этнология және антропология институтында сақтаулы. Жобаның негізгі мақсаты –   институттағы Сыр өңірінің археологиясы мен тарихына қатысты ғылыми есептер, жәдігерлерді тауып,  көшірмесін елімізге алып келу.

Түгіскен қорымдары, Ұйғарақ обалары, Шірік-рабат археологиялық мәдениеті, Жетіасар есткерткіштеріне қатысты (далалық, аэросурет және есептер) ғылыми деректер негізінде жұмыстар жүзеге асырылды», – деді ғалым Әзілхан Тәжекеев.

Алдағы уақытта осы жұмыстар негізінде Сыр өңірі тарихы және Хорезм экспедициясы архив материалдарының ІІ томы жарық көрмек.
Айта кету керек, ғылыми іссапар ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің 2023-2025 жылдарға арналған гранттық қаржыландыру жобасы аясында іске асырылды.

Дереккөз: Kyzylorda-news.kz
 

Коркыт  (2).jpeg
Коркыт  (1).jpeg

Тағы да оқыңыз:

Яндекс.Метрика