Жексенбі, 16 қараша, 04:35

Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Қызылордалық делегация инвестициялық ынтымақтастық бағытындағы кездесулерге қатысты

08.11.2025

30

0

577000399 1132306749090568 4405371954336300424 n
Фото: Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

Швейцарияға жұмыс сапарымен барған облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев бастаған делегация ауыл шаруашылығы, экология және инвестициялық ынтымақтастық бағытындағы маңызды кездесулерге қатысты.

Облыс әкімі Берн кантоны Үкіметінің төрағасы Кристоф Нойхауз, Дамыту директоры Симон Эндерле және Сыртқы қатынастар жөніндегі кеңесші Томас Мозермен кездесті. Кездесуде экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық байланыстарды нығайту мәселелері талқыланды.

Аймақтың Азия мен Еуропаны байланыстыратын көлік дәліздерінің бойында орналасқаны, ауыл шаруашылығындағы жетекші орны және жаңартылатын энергия көздерін дамытудағы әлеуеті таныстырылды. Өңірде қуаттылығы 89 МВт болатын 9 күн электр станциясы жұмыс істейді, сондай-ақ 300 МВт-тан астам жаңартылатын энергия жобалары жүзеге асырылуда.

577559651 1132306745757235 863663493708509833 n

«Қызылорда облысы – географиялық тұрғыдан тиімді орналасқан, инфрақұрылымы дамыған және табиғи ресурстарға бай аймақ. Берн кантонымен өзара тиімді серіктестік орнату – біздің ортақ мүддеміз», – деп атап өтті Нұрлыбек Нәлібаев.

Сонымен қатар, облыс әкімінің орынбасары Ардақ Зебешев Швейцарияның күріш, бұршақ және өзге де дақылдарды өңдеу саласындағы жетекші компаниясы RBL Group SA Бас директоры Ханс Ремундпен кездесті. Тараптар ынтымақтастықты нығайту, озық технологиялар мен тәжірибе алмасу мәселелерін талқылады.

Қызылорда өңірінің отандық күріш пен тұз өндірісіндегі жетекші р

өлі, инвесторларға ыңғайлы әрі дайын инфрақұрылым ұсынудағы ерекшелігі де айтылды. Салықтық және кедендік жеңілдіктер қарастырылғаны, инвесторлар үшін тартымды «Қорқыт Ата» арнайы экономикалық аймағының құрылғаны атап өтілді.

Делегация мүшелері Kanadevia Inova компаниясының Орталық Азия бойынша президенті Александр Силинмен кездесті. Онда тұрмыстық қатты қалдықтарды сұрыптау, қайта өңдеу және энергия көзі ретінде пайдалану бағытындағы бірлескен жобаларды іске асыру мүмкіндіктері қаралды.

Қазір өңірде 15 кәсіпорын тұрмыстық қалдықтарды жинау және қайта өңдеумен айналысады. Кореялық With You E&C компаниясы жылына 300 мың тонна қалдықты сұрыптау және қайта өңдеу зауытының құрылысын бастады.

Швейцарияға жұмыс сапары агроөнеркәсіп, экологиялық технологиялар және инвестициялық ынтымақтастық салаларында жаңа мүмкіндіктерге жол ашты.

577013566 1132314922423084 617649410696026062 n

577048956 1132314899089753 7919878770371689348 n

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

Тағы да оқыңыз:

Яндекс.Метрика