Сәрсенбі, 04 ақпан, 05:12

Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Қызылордада жаңа кітапхана мен драма театр салынады

03.02.2026

16

0

627664306 1198065065848069 3890925445179233367 n

Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев жаңадан салынатын кітапхана мен драма театрдың құрылыс алаңына барды, деп хабарлайды Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі.

625458616 1198065045848071 3933209536656902214 n

Мемлекет басшысы Ұлттық құрылтайдың бесінші отырысында Қызылорда қаласында жаңа драма театр және тәулік бойы жұмыс істейтін кітапхана салу туралы айтқан болатын.

«Қызылордада жаңа драма театр салу жоспарымызда бар, биыл құрылысты бастауымыз керек. Өткен сапарымда облыстың зиялы қауым өкілдерімен кездескен кезде заманауи кітапхана салу керек деп айттым. Енді бұл құрылыс биылдан бастап жүргізіледі», – деді Қасым-Жомарт Кемелұлы өз сөзінде.

Заманауи, көпфункционалды кітапхана салуға инвестор есебінен 20 млрд. теңге қаралған. Бұл еліміздегі кітапхана инфрақұрылымын дамытуға, оқырмандарға қолжетімділікті арттыруға және өңірлерде ақпараттық мәдениет деңгейін көтеруге бағытталған.

Жоба бойынша ғимараттың аумағы 13 000 шаршы метр, 1 миллионнан астам кітап қорын сақтауға арналған. Жыл сайын 250-300 мың оқырманға қызмет көрсетеді. Каталогтар, заманауи ашық форматтағы оқу залдары, 50 адамның цифрлық ресурстармен жұмыс істеуіне қолайлы электронды бөлме қарастырылады. Инновациялық бағыттағы медиа-лаб бөлмесі мен подкаст студиясы болады. Бұл бастама – халықтың білімге, мәдениетке және заманауи ақпарат көздеріне қолжетімділігін арттыртын маңызды қадам.

Ал драма театрдың жаңа ғимаратының салынуы – қазақ театр өнерінің қарашаңырағы саналатын аймақтағы тұрақты көрермендер үшін зор қуаныш, үлкен сый. Н.Бекежанов атындағы облыстық драма театр былтыр бір жылдың ішінде төрт бірдей халықаралық фестивальда топ жарды. Материалдық базасы барынша нығайып, мамандардың кәсіби тұрғыда жетілуіне жағдай жасалды, баспанамен қамтамасыз етілді.

Жаңа ғимарат артистердің дайындығына, түрлі сахналық көріністер мен ауқымды декорациялар құруға мүмкіндік береді, кең тынысты дыбыс жүйесі мен соңғы үлгідегі жабдықтар қойылым сапасын арттыра түседі.

625322903 1198065015848074 2268244950742158057 n
625664921 1198065005848075 5737737127867192603 n

Тағы да оқыңыз:

Яндекс.Метрика