Сәрсенбі, 04 ақпан, 05:35

Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Қызылордада жаңа емханалар мен перинаталдық орталық салынады

03.02.2026

24

0

625846728 1198040359183873 1707767408134368249 n
Фото: Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

Бүгін облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Қызылордада жаңадан салынатын нысандардың құрылыс алаңына барды, деп хабарлайды Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Аймақта Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының тапсырмасымен денсаулық сақтау саласын дамытуға бағытталған кешенді шаралар нәтижелі жүзеге асуда. Бұл шаралардың басты мақсаты – халықтың медициналық қызметтерге қолжетімділігін арттыру.

625439212 1198040595850516 8156156904624570296 n

Облыс орталығында, нақтырақ айтқанда Президент паркі аумағында 48,5 млрд теңгеге 200 орындық перинаталдық орталық пен сол жағалауда 14,78 млрд теңгеге 500 орындық емхананың құрылысы басталады. Болашақ перинаталдық орталық ана мен балаға мамандандырылған заманауи медициналық көмек көрсетеді. Орталықта қабылдау-қарау, стационарлық, диагностикалық, операциялық, реанимациялық және әкімшілік бөлімдер болады. Сондай-ақ, жерасты өткелі арқылы байланысқан жеке зертхана ғимараты мен ас блогы қарастырылған.

screenshot

Медициналық мекеме жүкті әйелдерге, босанушыларға және жаңа туған нәрестелерге арналған стационарлық бөлімдер, операциялық блок, реанимация, зертханалар және инженерлік-қызметтік инфрақұрылыммен толық қамтамасыз етіледі. Жобалық шешімдер санитарлық-эпидемиологиялық талаптар мен заманауи медициналық стандарттарға сәйкес жүзеге асырылады.

Ал 500 орындық емхана – тұрғындарға амбулаториялық-емханалық, диагностикалық және күндізгі стационарлық медициналық көмек көрсететін көпсалалы мекеме. Нысан сол жағалау аумағында бой көтереді. Мұнда жалпы және акушерлік-гинекологиялық тіркеу, педиатрия, мамандандырылған және шұғыл медициналық көмек, профилактика және мектеп медицинасы бөлімдері қарастырылған. Сондай-ақ 50 төсектік күндізгі стационар, дәрілік қамтамасыз ету, орталық стерилизация, кір жуу орны, медициналық қалдықтарды сақтау, оқу кабинеттері, 50 орындық аудитория, 200 орындық конференц-зал және инженерлік-техникалық инфрақұрылым бар.

625000187 1198040485850527 4341182026463546486 n

Бұдан бөлек, Қызылорда қаласындағы Титов мөлтек ауданында 10 млрд теңгеге 400 орындық емхананың құрылысы басталады. Жаңа ғимаратта балалар мен ересектерге арналған емдеу-профилактикалық бөлімшелер, күндізгі стационар, функционалдық диагностика, стоматология, әйелдер консультациясы, бейінді мамандар кабинеттері, әкімшілік және клиникалық-диагностикалық зертхана орналасады.

624646105 1198040589183850 2034216324665487397 n

Тағы да оқыңыз:

Яндекс.Метрика