Сәрсенбі, 29 қазан, 20:31

Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Қызылордада шешен этносының тағамдарын әзірлеуден шеберлік сабағы өтті

29.10.2025

13

0

assam d3cde0fc07
Фото: Ассамблея Қызылорда

Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына орай Қызылорда облыстық шешен этномәдени бірлестігінің онкүндігі аясында шеберлік сабағы өтті.

Іс-шара қаладағы “Hugga bar” кафесінің қолдауымен ұйымдастырылды. Оған облыстық қоғамдық даму басқармасының “Қоғамдық келісім” КММ директорының орынбасары Руслан Құрманов, этномәдени бірлестіктердің төрағалары мен жастары қатысты.

Шеберлік сабағы барысында шешен этномәдени бірлестігінің белсенділері дәстүрлі Чеплш (ірімшік қосылған нан) және Хинглаш (асқабақ салындысы бар бәліш) тағамдарын әзірлеуді көрсетті.

ассам 4.jpg

Шешен этномәдени бірлестігінің төраға орынбасары Лайла Пашаеваның айтуынша, түрлі этностардың ұлттық тағамдары тұрмыс-тіршілігі мен мәдениетін айқындайтын маңызды элементтердің бірі.

«Чеплш дайындау үшін ұн, су, тұз және аздап қатық немесе сүт қосып, жұмсақ қамыр илейміз. Қамырды жұқалап жайып, ірімшік салып, екі жағын да табада пісіреміз. Ал Хинглаштың ерекшелігі – оның ішіне тәтті асқабақ салындысы салынып, пешке не табаға пісіріледі. Бұл тағамдар шешен этносының дастарқанындағы қадірлі дәмдердің бірі», – деді Лайла Пашаева.

Шара соңында қатысушылар дайын болған тағамнан дәм татып, ыстық қою шай ішіп, пікір алмасты.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай шеберлік сабақтары этностардың мәдени мұрасын дәріптеп, жастардың дәстүрге деген қызығушылығын арттыруға бағытталған.

ассам3.jpg

Тағы да оқыңыз:

Яндекс.Метрика