Сенбі, 22 қараша, 16:03

Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Қызылордада республикалық ардагерлер кеңесінің көшпелі отырысы өтті

21.11.2025

15

0

586015877 1143295681325008 68322
Фото: Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

Бүгін Қызылордада облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың қатысуымен республикалық ардагерлер кеңесінің көшпелі отырысы өтті. Оған Қазақстанның Еңбек Ері, Парламент Мәжілісінің депутаты, «Ардагерлер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігі орталық кеңесінің төрағасы Бақтықожа Ізмұхамбетов, төралқа мүшелері, еліміздің барлық өңірінен келген ардагерлер кеңесінің төрағалары, зиялы қауым өкілдері мен ел ағалары қатысты.

Аймақ басшысы өңірдегі бастамалар, атқарылған жұмыстар, қол жеткен жетістіктерге тоқталды.

586153554 1143295971324979 1846067866709230743 n

«Республикалық ардагерлер кеңесі көшпелі отырысының Қызылордада өтуіне бастама көтеріп, шақыртуымызды қабыл алған баршаңызға Сыр жұртшылығының атынан шынайы алғысымды, зор ризашылығымды білдіремін.

Бүгінде аймақ экономикасын әртараптандыруға, жерлестеріміздің тұрмыстық жағдайын жақсартуға бағытталған серпінді жобалар іске асуда. Президентіміздің өңірдің даму қарқынына, атқарған жұмысымызға берген оң бағасы Сыр халқы үшін зор мәртебе. Мемлекет басшысының ерекше қолдауы жаңа жетістіктерге жетелейді, еселенген жауапкершілік жүктейді. Тәуелсіздік жылдарында қол жеткізген әрбір жетістігіміз – халқымыздың бірлігі мен берекелі еңбегінің жемісі.

Аймағымызда еңбегімен елге сыйлы, ісімен ұлтқа өнеге болған азаматтарға лайықты құрмет көрсетілуде. Президентіміздің ерекше қолдауымен 2022 жылдан бүгінге дейін 300-ге жуық жерлесіміз мемлекеттік наградалармен марапатталды. Олардың жартысына жуығы – қарапайым еңбек ардагерлері мен озаттары. Бүгінде қарттарға, зейнеткерлер мен ардагерлерге қолдау көрсету – жұмысымыздағы басты басымдықтың бірі.

Қазыналы қарияларды жан-жақты әлеуметтік қолдау, медициналық қызмет көрсету сапасын арттыру бағытында ауқымды жұмыс бар. Бұл мақсатқа облыстық бюджеттен бөлінетін қаржы көлемі жыл сайын артып келеді.

Сіздер – еліміздің рухани тірегі, ұлттық құндылықтарымыздың сақтаушысы, отбасындағы бірліктің, ынтымақтың алтын діңгегісіздер», – деді Н.Нәлібаев.

586280891 1143295807991662 7602113435641863512 n

Басқосуда Бақтықожа Ізмұхамбетов көрсетілген қолдауға ризашылығын білдіріп, облыс әкіміне «Ардагерлер ұйымы» РҚБ орталық кеңесінің Алғыс хатын табыстады.

​Сондай-ақ, мемлекет және қоғам қайраткері, Түркі мемлекеттері ұйымы Ақсақалдар кеңесінің мүшесі Икрам Адырбеков, Мәжіліс депутаты, орталық кеңестің алқа мүшесі Ермұрат Бапи, «Қазақстан мәслихаттары депутаттарының бірлестігі» республикалық қоғамдық ұйымының төрағасы, алқа мүшесі Төлеубек Мұқашев, Атырау, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды және Қызылорда облыстық ардагерлер кеңесінің төрағалары Мұрат Өтешов, Ескендір Елеусізов, Ғабит Тұяқов, Серік Дүйсенбаев сөз сөйледі.

586012558 1143296087991634 6765743892780449104 n

Жиында аймақ басшысы Адырбеков Икрам Адырбекұлына «Қызылорда облысының дамуына қосқан үлесі үшін» медалін және Қызылорда облысының Құрмет грамотасын табыстады. Дәстүрге сай облыс жұртшылығы атынан сый-сияпат көрсетті.

585900824 1143295744658335 8793487790543685373 n

Сонымен қатар, ардагерлер қозғалысы белсенділеріне «Ардагерлер ұйымы» РҚБ орталық кеңесінің Алғыс хаты, «Құрмет белгісі» төсбелгісі, Құрмет грамотасы берілді.

586638359 1143295931324983 4117553524956538585 n

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

Тағы да оқыңыз:

Яндекс.Метрика