Жұма, 06 маусым, 22:59

Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Қызылордада Мемлекеттік рәміздер күніне арналған патриоттық акция өтті

04.06.2025

30

0

503112649 1007657834888794 959355064930348463 n
Фото: Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

Бүгін облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың қатысуымен Қызылордадағы «Рәміздер алаңында» 4 маусым – Мемлекеттік рәміздер күніне арналған жалпыұлттық патриоттық акция өтті.

Мерекелік іс-шараға облыстық мәслихат төрағасы, облыс әкімінің орынбасарлары, құқық қорғау органдарының басшылары, облыстық қоғамдық кеңес төрағасы, зиялы қауым, саяси партиялар, этномәдени бірлестіктер, үкіметтік емес ұйымдар, жастар ұйымдарының өкілдері қатысты.

Салтанатты шара театр актерлері мен облыстық филармонияның аралас хорының, «Ай-ару» би ансамблінің «Алаштың асқақ арманы» қойылымымен басталды.

Аймақ басшысы Нұрлыбек Нәлібаев жиналған жұртшылықты құттықтап, тәуелсіз еліміздің өркендеу тарихындағы мемлекеттік рәміздердің маңыздылығын атап өтті.

502733596 1007657841555460 8092535040334774205 n

«Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы: «Көк байрағымыз – мызғымас мемлекеттіліктің белгісі. Елтаңбамыз – азаттықтың айшықты көрінісі. Әнұранымыз – еркіндік пен елдіктің үні. Тәуелсіздіктің осы үш символы халқымызға ерекше рух береді. Әрқайсымыздың кеудемізге мақтаныш ұялатады», – деген болатын. Рәміздердегі әрбір нышан халқымыздың өткені мен бүгінін бағамдап, келешекке ұмтылған адал ниетімізді, байыпты мақсатымызды айшықтайды. Біздің мемлекеттік рәміздеріміз Қазақстанды күллі әлемге бейбітшілік пен татулықтың символы ретінде дәріптеуде. Бүгінде Көк туымыз халықаралық ареналарда, әлемдегі алпауыт ұйымдардың төрінде Тәуелсіз Қазақстанды танытып келеді.

Биылғы жыл Мемлекет басшымыздың бастамасымен «Жұмысшы мамандықтар жылы» болып жарияланды. Бұл бастама – тек атаулы жыл емес, қарапайым еңбек адамдарына деген шынайы құрмет. Кез келген өндірістің, кәсіпорынның немесе инфрақұрылым саласының дамуы алдымен шебер жұмысшылардың еңбегіне байланысты. Еңбек адамын дәріптеу біртұтас қоғам мен жас ұрпақтың тәрбиесі үшін аса маңызды.

Елтаңбамыз еңселі, туымыз тұғырлы, Әнұранымыз айбынды болғай! Тәуелсіз Қазақстанымыз жасай берсін!», – деді Нұрлыбек Машбекұлы.

Шара барысында хордың сүйемелдеуімен Мемлекеттік Гимн жанды дауыста шырқалып, жас өнерпаздар мен жергілікті әншілер патриоттық әндер орындады. Содан кейін 10 автокөлік пен 35 велошеруші қала көшелерімен шеру жасап өтті.

Патриоттық акция аясындағы тағы бір шара ипподромда өтті. Ат құлағында ойнаған шабандоздар Мемлекеттік туды биікте желбіретіп, батыр бабалар рухын көтерген дәстүрді жаңғыртты.

default
default
503337624 1007657791555465 8649706219903406749 n
503168167 1007657801555464 8001041945257973546 n
503699751 1007657898222121 7613689602908361276 n

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

Тағы да оқыңыз:

Яндекс.Метрика