Сейсенбі, 26 қараша, 23:17

Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Қызылордада халық сұранысына сай кәсіп көп

24.11.2022

246

0

Қызылорда облысында халықтың сұранысына сай кәсіп ашып, тұрғындардың иглігіне жұмыс істеп, өз істерін дөңгелетіп жатқандар жетерлік. Әсірісе, қазіргі күні жартылай тамақ өнімдері өтімді. Бүгінде  дүкен сөрелерінде жартылай дайын тамақтың түрі көп. Жұмыстан қолы босамайтындар мен студенттерге бұл өте қолайлы. 

Бұл ретте, осы жылдың тамыз айында жартылай фабрикатталған өнімдерді дайындайтын «Айша-Бибі» кәсіпкерлік нысаны Қызылорда қаласында жұмысын қолға алды. Онда түшпара, манты самса, жайма және басқа да өнімдер дайындалады.
Ұлпан Жаппасбаева биыл кәсібін кеңейту мақсатында «Микробизнес Қызылорда» өңірлік инвестициялық орталығынан» 6 пайыздық мөлшерлемемен 3,5 млн. теңге көлемінде жеңілдетілген несие алды. Бұл қаржыны кәсіпкер өндіріске қажетті заманауи құрал-жабдықтармен жабдықтауға жұмсаған.

Қазіргі кезде цехта жартылай фабрикатталған өнімнің 11 түрін өндіріп, қаладағы 20-дан астам бөлшек сауда желілерін қамтамасыз етуде.

Цехта 5 адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Кәсіпорын өнімі жергілікті тұрғындарға қол жетімді бағада «Айша-Бибі» сауда маркасымен сатылуда.

«Кәсіп бастағанда тек үш түрлі өнім шығардық. Әлеуметтік желіде парақша ашып, тұтынушылармен тұрақты байланыс орнатудамыз. Ал қазір қала тұрғындарына едәуір танылып, өнім 11-ге дейін ұлғайттық. Күніне әр тауар түрінен 10-15 килограмм өнім өндіріледі. Ең жоғары сұранысқа ие өніміміз – тұшпара мен жайма. Өнім сапасын куәландыратын лицензия алдық. «Ақырын жүріп, анық бас» демекші, алдағы уақытта кондитерлік өнім түрлерін шығаруды жоспарлаудамыз», – дейді кәсіпкер.

Дайындалуы қиын, бірақ дәмді тағам түрін өндіру қажырлы еңбек пен табандылықты талап ететінін атап өткен жөн.

Тағы да оқыңыз:

Яндекс.Метрика