Сенбі, 25 қазан, 04:06

Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Қызылордада «Достық үйінің» жаңа ғимараты салынуда

23.10.2025

12

0

569819082 1119628397025070 1320138260648873468 n
Фото: Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

Бүгін облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев «Достық үйі» жаңа ғимаратының құрылыс алаңына барды. Бас мердігер «Астана Сервис LTD» серіктестігі құны 3 млрд 545 млн теңге болатын жобаны жүзеге асыруға сәуір айында кірісті. Жыл соңына дейін құрылысын аяқтап, пайдалануға беру жоспарланған.

Үш қабатты ғимараттың жалпы ауданы 3912,29 шаршы метр, бірінші қабатта ашық кеңістік форматында түрлі форумдар, лекциялар, көрмелер мен концерттер өткізуге арналған көпфункционалды залдар орналасады. Ал екінші және үшінші қабаттарда облыстық этномәдени бірлестіктер мен қоғамдық ұйымдарға арналған кеңселер мен қызметтік бөлмелер қарастырылған.

571132013 1119628440358399 6879601221203184763 n

Айта кетейік, 2022 жылдан бері облыс аумағында жаңадан 15 мәдениет нысаны салынды. Барлық 7 ауданда 11 млрд 500 млн теңгеге «Руханият орталықтары» бой көтерді. Сондай-ақ «Саутс Ойл» компаниясының демеушілігімен музыкалық колледждің жаңа ғимараты, облыстық тарихи-өлкетану музейі пайдалануға берілді.

Өткен жылы мәдениет саласының қызметкерлеріне арналып алғаш рет көпқабатты тұрғын үй салынып, 40 қызметтік пәтер табысталды. Бұл мәдениет қызметкерлерін қолдау бағытындағы маңызды әлеуметтік бастамалардың бірі болды.

570113091 1119628323691744 5099366312795966868 n
568486551 1119628330358410 6551916509627187308 n

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

Тағы да оқыңыз:

Яндекс.Метрика