Сәрсенбі, 15 қазан, 20:41

Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Қызылордада «Әділетті Қазақстан – адал азамат» тақырыбында кездесу өтті

15.10.2025

14

0

559893811 4209227289396419 4465336991941321700 n

Қызылорда қаласындағы С. Ысқақов атындағы құрылыс және бизнес колледжінде «Әділетті Қазақстан – адал азамат» тақырыбында облыстық ҚХА жанындағы Ақпараттық түсіндіру тобының ұйымдастыруымен кездесу өтті. Шараның негізгі мақсаты – жастар арасында адалдық, әділдік және жауапкершілік құндылықтарын дәріптеу, сондай-ақ қоғамдағы өзекті әлеуметтік мәселелер туралы ашық пікір алмасу болды.

Кездесуге Қызылорда облыстық қоғамдық даму басқармасының «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры Бақытжан Камалов пен мекеменің аға сарапшысы, облыстық ҚХА жанындағы ақпараттық түсіндіру тобының мүшесі, саясаттанушы Бауыржан Үсенбаев қатысты.

Спикерлер жастарға Қазақстан халқы Ассамблеясының қоғамдағы рөлі мен атқарып жатқан жүйелі жұмыстары туралы кеңінен баяндап, қоғамдық келісім мен бірлікті сақтау бағытындағы шараларға тоқталды. Сонымен қатар кездесу барысында адал еңбек пен жауапкершілік, вандализм мен лудомания сынды келеңсіз құбылыстардың алдын алу, азаматтық ұстаным мен адамгершілік қағидаттарының маңызы талқыланды.

Шара соңында студенттер көкейлеріндегі сұрақтарын қойып, өз ой-пікірлерін білдірді.

Тағы да оқыңыз:

Яндекс.Метрика