Жексенбі, 15 наурыз, 21:22

Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Қызылорда қаласында референдумға мүгедектігі бар азаматтар да белсенді түрде қатысуда

15.03.2026

6

0

whatsapp image 2026 03 15 at 18.

Мүгедектігі бар азаматтардың дауыс беру процесіне қолайлы қатысуы үшін арнайы жағдайлар жасалып, инватакси қызметі ұйымдастырылған. Осы қызметтің көмегімен азаматтар №366 референдум учаскесіне келіп, өз таңдауларын білдіруде.

Инватакси мүгедектігі бар азаматтардың учаскеге кедергісіз жетуіне мүмкіндік беріп отыр. Учаскеге келген азаматтарды арнайы қызметкерлер қарсы алып, қажетті көмек көрсетуде. Сонымен қатар, ғимарат ішінде пандустар орнатылып, дауыс беруге арналған арнайы кабиналар қарастырылған. Бұл шаралар олардың дауыс беруіне барынша қолайлы жағдай жасауға бағытталған.

whatsapp image 2026 03 15 at 18. 1

Мүгедектігі бар азаматтар үшін референдумға қатысу – өз құқықтарын жүзеге асырудың маңызды көрінісі. Олар өз дауыстары арқылы елдегі маңызды қоғамдық шешімдерге қатысып, мемлекет өміріне белсенді араласуда.

№366 учаскеге келген азаматтар да референдумға қатысу әрбір қазақстандықтың міндеті екенін айтып, қоғамда тең мүмкіндіктердің болуы өте маңызды екенін атап өтуде. Осындай қолдау мен жағдайлардың арқасында мүгедектігі бар азаматтар да ел болашағына қатысты маңызды шешімдерге өз үлестерін қосуда.

Тағы да оқыңыз:

Яндекс.Метрика