Бейсенбі, 08 қаңтар, 02:43

Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Қызылорда қаласында «Достық үйінің» жаңа ғимаратының салтанатты ашылу рәсімі өтті

05.01.2026

20

0

608529504 1175659004755342 2769925645984312319 n
Фото: Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

Бүгін Қызылорда қаласында облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың қатысуымен Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдық мерейтойы аясында салынған «Достық үйінің» жаңа ғимаратының салтанатты ашылу рәсімі өтті.

Рәсімге Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Марат Әзілханов, Парламент Сенаты мен Мәжілісінің депутаттары Руслан Рүстемов, Наурызбай Байқадамов, Мұрат Әбенов, Мархабат Жайымбетов, Мұрат Ергешбаев, Аян Зейнуллин, «ҚазАтомӨнеркәсіп» ұлттық атом компаниясының басқарма төрағасы Мейіржан Юсупов, «Самұрық-Қазына Траст» корпоративтік қорының бас директоры Альфия Адиева, құқық қорғау органдары мен жауапты салалардың басшылары, зиялы қауым өкілдері қатысты.

Аймақ басшысы жаңа ғимарат ел игілігіне қызмет ететінін айтып, құттықтау сөзін жеткізді.

608653104 1175658884755354 8833096896639643352 n

«Бірлік – халқымыздың тұтастығы мен ырыс-ынтымағының, үйлесімді қарым-қатынасының, татулығының көрінісі. Ел болудың бірден-бір алғышарты.

Өңірімізде 30-дан астам этнос өкілдері тату-тәтті өмір сүреді. Ассамблея жанында 11 этномәдени бірлестік бір мүдде, бір мақсат жолында ұйысып, елдің бірлігін сақтау бағытында жұмыс жасауда.

Береке-бірлігіміздің ұйытқысына айналып, еліміздегі этносаралық достық пен бірліктің үлгісін әлемге танытқан Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылғанына өткен жылы 30 жыл толды. Бүгінде Ассамблея халқымызды бірлікке, достыққа үндейтін жалпыұлттық келісімнің негізіне айналды.

Президентіміздің тапсырмасына сәйкес, өткен жылы 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні Өздеріңізбен бірге осы жерде жаңа ғимараттың іргетасын қалаған болатынбыз.

Міне бүгін, тарихи сәтте қайта қауышып, «ҚазАтомӨнеркәсіп» ұлттық атом компаниясының демеушілігімен 3 млрд. 800 млн. теңгеге салынған «Достық үйінің» заманауи ғимаратын ел игілігіне табыстаудамыз.

Жаңа нысанның бой көтеруіне демеушілік жасағаны үшін «Самұрық-Қазына» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы Жақыпов Нұрлан Қаршығаұлына, ұлттық атом компаниясының басқарма төрағасы Юсупов Мейіржан Бақытұлына барша Сыр жұртшылығы, Өзімнің атымнан шынайы алғысымды, зор ризашылығымды білдіремін!

Жалпыұлттық тұрақтылық пен қоғамдық келісімнің қайнар бұлағы – Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығы аясында бой көтерген, достық пен келісімнің нышанына айналатын жаңа ғимарат баршаңызға құтты болсын!», – деді Н.Нәлібаев.

Салтанатты рәсімде бірлік пен келісімнің нығаюына елеулі үлес қосқан Ассамблея мүшелері мен жаңа ғимаратты сапалы етіп салған мердігер мекеме өкілдері облыстың ең жоғарғы наградасы – Қызылорда облысының Құрмет Грамотасымен, облыс әкімінің Алғыс хатымен марапатталды. Марат Әзілханов, Мұрат Әбенов және Мейіржан Юсупов құттықтау сөз сөйлеп, ізгі тілектерін жеткізді.

608163305 1175658991422010 3747715909792502764 n
609028335 1175658958088680 2627614059827685611 n
608149194 1175658854755357 8355665697425565977 n

Айта кетейік, бұл – бірлік мен ынтымақты нығайтуға атсалысқан этномәдени бірлестіктер мен Ассамблея белсенділері үшін барлық қажеттіліктермен қамтамасыз етілген замануи ғимарат. Мұнда этномәдени бірлестіктердің, облыстық, қалалық ардагерлер кеңесінің, Азаматтық Альянс өкілдерінің де толық жабдықталған жұмыс кабинеттері бар. Қала сәулетіне сән қосқан жаңа ғимараттағы 200 орындық концерттік, 50 орындық акт залдарында мәдени-рухани шаралар ұйымдастыруға болады. Шығармашыл жастарға арналған домбыра, ән, би үйірмелеріне, медиация орталығы, музей, Ассамблея жанындағы ғылыми сарапшылық топтарға да жағдай жасалған.

«Достық үйі» азаматтық қоғам институттарының басын қосатын, жаңа бастамаларды ілгерілететін орталыққа айналады.

default
611264581 1175658221422087 5951407412564319142 n
611567617 1175658164755426 1177410327276192889 n
610616812 1175658851422024 238612842954996149 n
611252786 1175659028088673 3295757137093272396 n
611183043 1175658928088683 6099333557502705672 n
610743029 1175658111422098 8969476194329118284 n
610797175 1175658101422099 158810027334949634 n

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

Тағы да оқыңыз:

Яндекс.Метрика