Сәрсенбі, 27 қараша, 03:25

Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Қызылорда: Превенция қызметінің басшысы бизнес-қауымдастық өкілдерімен кездесті

20.10.2022

281

0

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Превенция қызметінің басшысы Саян Ахметжанов Сыр еліне жұмыс сапары аясында бизнес-қауымдастық өкілдерімен кездесті.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері талқыланған жиында облыс әкімінің орынбасары Мархабат Жайымбетов төрағалық етіп, бизнес өкілдері, мемлекеттік мекеме басшылары, түрлі комиссия мүшелері қатысты.
Қазіргі таңда сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытында заңнамалық, тәжірибелік шаралар қабылданып, тұжырымдамасы бекітілді.

Кәсіпкерлікті дамытуда билік тарапынан бизнес үшін мемлекеттік қаржылай қолдау шаралары іске асырылып келеді. Яғни, жергілікті әкімдік кәсіп ашамын деген азаматтарға жан-жақты қолдау көрсету мақсатында бизнеске түсетін әкімшілік жүктемені азайту жұмыстарын жалғастыратын болады.

Жиын соңында тараптар сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асыруда және сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет пен қоғамның күш-жігерін біріктіру арқылы кез келген құқық бұзушылық әрекеттеріне жол бермеуде өзара іс-қимылды жандандыруға келісті. Сондай-ақ, ашықтық қағидатына сәйкес жемқорлық тәуекелдеріне талдау жүргізу мәселелеріне ұдайы мән беру керектігі айтылды. 

Мұнан соң, Саян Ахметжанов облыс әкімінің орынбасары Мархабат Жайымбетовпен бірге «Қызылорда жылу электр орталығы» мекемесінің  және Қызылорда су жүйесі мекемесі жанындағы «Бастоған» су тазарту құрылысы жұмыстарымен танысты.

Тағы да оқыңыз:

Яндекс.Метрика