Сенбі, 22 қараша, 16:02

Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Қызылорда өңірінде «Қыс-2025» командалық-штабтық оқу-жаттығуы басталды

20.11.2025

18

0

cafb1412 7560 4e32 b9cc 9ee69547e08f

2025 жылдың 20 қарашасында Қызылорда облысы ТЖД-не «Дабыл-1001», «Қарғын-2002» шартты белгісі қабылданып, ол туралы облыстың басқару органдарына жеткізілді.

​Сол күні сағат 15:00-де Арал ауданы әкімінің аппаратының ғимаратының мәжіліс залында Қызылорда облысы ТЖД бастығының орынбасары полковник Әбдіқадыров Бекболат Қайырбекұлының, Арал ауданы әкімінің орынбасары Бохаев Нұрмұхамет Омарұлының және облыстағы азаматтық қорғау қызметтерінің өкілдерінің қатысуымен жиын өткізілді.

​Жиынның барысында өңірдегі азаматтық қорғау қызметтерінің «Қыс-2025» командалық-штабтық оқу-жаттығуына дайындықтары сарапқа салынды. Арал ауданының Төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы азаматтық қорғау майоры Сыдықов Айдос Мұратұлының жаттығуды өткізуге дайындығы туралы баяндамасы тыңдалды.

​Жиынды Қызылорда облысының ТЖ департаментінің бастығының орынбасары полковник Әбдіқадыров Бекболат Қайырбекұлы қорытындылады.

96529904 399c 4389 a695 a90528a166a1

​Қызылорда облысы ТЖД

Тағы да оқыңыз:

Яндекс.Метрика