Жексенбі, 24 қараша, 18:11

Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Қызылорда облысының экономикасында өсім бар

30.10.2023

329

0

qyzylorda_economy

Қызылорда облысында жыл басынан бері әлеуметтік-экономикалық дамудың негізгі макрокөрсеткіштері бойынша өсімнің оң динамикасы қалыптасты.

 Облыстың өнеркәсіп кәсіпорындарымен 763,6 миллиард теңгенің өнімі өндірілген. Өткен жылмен салыстырғанда 0,7 пайызға артса, өңдеу өнеркәсібі де биыл 15,8 пайызға артық орындалған. Бұл жөнінде Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз алаңында облыстық экономика және қаржы басқармасының басшысы Қамбарбек Мүбараков айтты.

«Өсім негізінен тамақ өнімдерін өндірудің 3,1%-ға, мұнай өңдеу өнімдерін өндірудің 13,5%-ға, резеңке және пластмасса бұйымдарын өндірудің 13,7%-ға, өзге де бейметалл минералдық өнімдерді өндірудің 21,6%-ға, металлургия өндірісінің 36%-ға және машиналар мен жабдықтарды жөндеу және орнатудың 38,9%-ға артуы есебінен қамтамасыз етілген. 2023 жылы Бірыңғай индустрияландыру картасы аясында облыста жалпы құны 3,9 млрд. теңгені құрайтын, 199 жұмыс орындары құрылатын 3 жобаны іске асыру жоспарланған», — деді Қамбарбек Амангелдіұлы.

Kyzylorda-news.kz

Тағы да оқыңыз:

Яндекс.Метрика