Жұма, 20 ақпан, 20:23

Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Қызылорда облысының инвестициялық әлеуеті талқыланды

20.02.2026

8

0

636891871 1212402807747628 8879717432132502255 n
Фото: Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

Бүгін облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев, ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Қуантыров, Еуропалық Одақтың Қазақстандағы елшісі Алешка Симкич, Еуро Одаққа мүше мемлекеттердің Қазақстандағы елшілерінің қатысуымен Қызылорда облысының инвестициялық әлеуеті талқыланған дөңгелек үстел өтті, деп хабарлады Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі.

​Аймақ басшысы өңірдің инвестициялық ахуалы мен экономиканы әртараптандыруда атқарылған жұмыстарға тоқталды.

640060095 1212402757747633 5634273632269543256 n

«Өткен жылы Президентіміз Сыр өңіріне жасаған жұмыс сапарында инвестициялық климатты жақсарту, бизнес жүргізу үшін қолайлы жағдай жасау бағытын жалғастыруды тапсырған болатын.

Бүгінде облыс экономикасын әртараптандыру арқылы жоғары өнімді, экспортқа бағдарланған шикізаттық емес өңдеу өнеркәсібін құру жұмыстарын кезең-кезеңімен атқарудамыз.

Өздеріңізге белгілі, бүгінде су ресурстары – тек Қазақстан ғана емес, Орта Азия мемлекеттері үшін де өте өзекті мәселе. Облыстың экономикалық, экологиялық жағдайы, халқының тыныс-тіршілігі Сырдария өзенінің деңгейіне, Арал теңізінің жағдайына тікелей байланысты.

Су ресурстарын неғұрлым тиімді пайдалану, су үнемдеу технологияларын енгізу, су жүйелерін цифрландыру – бүгінгі күннің басты талабы. Облыстың агроөнеркәсіп кешеніне инвестиция тартуда осы мәселелерге басымдық беріледі», – деді аймақ басшысы.

638405741 1212402797747629 5122360030749268998 n

Жиында Әлібек Қуантыров, Алешка Симкич, облыс прокуроры Р. Ожаров, облыс әкімінің орынбасары Ардақ Зебешев, «Рока групп» серіктестігінің бас директоры Даниэль Эрнандес, «Харвест Агро» компаниясының жоба басшысы Дәулет Увашев пікір білдірді.

Еліміз тәуелсіздік алғаннан бері Еуропалық Одақ мемлекеттерімен ашық әрі сенімді дипломатиялық қарым-қатынас орнатқан. Бүгінде Қазақстан – Еуро Одақтың Орта Азиядағы негізгі инвестициялық және сауда-экономикалық серіктесі.

Кеше қонақтар Қызылорда қаласындағы әлеуметтік нысандарды араласа, бүгін Сырдария ауданының Бесарық елді мекеніндегі шағын өнеркәсіптік аймақтың жұмысымен танысады. Бұл сапар әріптестікті жаңа деңгейге шығаруға оң серпін бермек.

636753691 1212402907747618 8065395547643591832 n
638849490 1212402894414286 5045134529624937027 n
636796866 1212402931080949 7394489327689606504 n

Тағы да оқыңыз:

Яндекс.Метрика