Күрішті, ырысты Сыр елінде ырзық-несібе толысты. Қызылорда облысының диқандары ел байтағы – Нұр-Сұлтан қаласында екі күндік жәрмеңке өткізді. Қызылорда өңірінің молшылық сыйын елордалықтар үлкен ықыласпен қабыл алды.
Сыр бойынан әкелінген 500 тоннадан астам өнім нарықтан 15-20% төмен бағамен халыққа ұсынылды. Жәрмеңкеде ауыл шаруашылығы өнімдерінің көрмесі ұйымдастырылды. Сонымен қатар, сырбойылық өнерпаздардың қатысуымен мерекелік концерт өтті.
Бұдан бөлек, облыс тарапынан қайырымдылық қоры аясында жағдайы төмен отбасыларға азық-түлік себеттері таратылды.
Жәрмеңкеге келген елордалықтар дән риза.