Дүйсенбі, 29 қыркүйек, 01:23

Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Қызылорда облысының әкімі Әлем чемпионы мен бапкеріне пәтер және көлік кілттерін табыс етті

25.09.2025

34

0

553503864 1095356092785634 772558310334312995 n
Фото: Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

Бүгін облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев грек-рим күресінен Әлем чемпионы Айдос Сұлтанғалимен, жеке бапкері Ғабиден Райымбекпен кездесті.

Әлем чемпионын жарқын жеңісімен құттықтау үшін басқосуға облыстың зиялы қауым өкілдері, құқық қорғау органдарының бірінші басшылары, спорт саласының ардагерлері, жаттықтырушылар мен жергілікті спортшылар қатысты.

​Аймақ басшысы бұл жеңіс Сыр өңірінің ғана емес, Қазақ елінің мәртебесін арттырғанын айтты.

554100075 1095353102785933 1305783816543176286 n

​«Бүгін – біздің өңіріміз үшін ерекше қуанышты күн.Спорт әлеміндегі биік белесті бағындырып, Тәуелсіз Қазақстанымыздың атын төрткүл дүниеге танытқан жерлесіміз, мақтанышымыз Айдос Сұлтанғалиұлын грек-рим күресінен Әлем чемпионы атануымен құттықтау үшін арнайы бас қостық.

Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы «Спортшыларымыздың ерлігі – ел рухын көтеретін, ұлт бірлігін нығайтатын маңызды фактор», – деп ерекше атап өткен болатын.

Айдос Сұлтанғалиұлы жақында Хорватия астанасы Загреб қаласында өткен ересектер арасындағы грек-рим күресінен Әлем чемпионатында араға 26 жыл салып, қазақ спорты тарихындағы теңдессіз жетістікке қол жеткізді. Осы тарихи жеңіс барша Қазақ елінің, Сыр жұртшылығының мерейін үстем етті.

Грек-рим күресінен Әлем чемпионатының алтын медалін елімізге соңғы рет 1999 жылы Грекияның Афины қаласында өткен дүбірлі додада Мхитар Манукян (63 кг) алып келген болатын.Араға ширек ғасыр салып, жерлесіміз Айдос Сұлтанғали әлемдік аренада топ жарды.

Чемпионымызды Мемлекет басшымыз арнайы құттықтап «Айдос – грек-рим күресінен осы ғасырдағы тұңғыш жеңімпаз»,– деп жоғары бағалады.

Бұл жеңіс – жас балуандарымызға үлгі-өнеге, еліміздің спортына серпін беретін жоғары жетістік.

Айдос бауырымыздың жеңісіне бапкері Ғабиден Райымбекұлының сіңірген еңбегі зор. Ол тек спортшыны емес, нағыз батыр азаматты тәрбиелеп шығарды. Шәкіртінің әрбір жеңісі бапкерінің маңдай терінің жемісі деп санаймыз. Қос батырымызға қандай құрмет көрсетсек те лайықты.

Айдосқа бұған дейін де мемлекет, облыс тарапынан қолдау көрсетіліп келеді. Өткен жылы еліміздің, өңіріміздің жанашыр азаматы Бақдәулет Еркінбекұлының демеушілігімен автокөлік табысталған. Бұдан бөлек, ай сайын 1 млн. теңге мемлекеттік стипендия беріледі. Бұл қолдау әрі қарай жалғасады.

Біз батырымызды әрдайым бабында болуы үшін қолдап, қорғауымыз керек. Алдағы Олимпиада ойындарында жеңіс тұғырынан көрінуіне жан-жақты жағдай жасаймыз.

Бүгінгі мерейлі сәтте барша Сыр жұртшылығының атынан Айдос бауырымызға жаңа автокөлік пен пәтер кілттерін, бапкері Ғабиденге де жаңа пәтер беру туралы шешім қабылдадық.

Батырларымызға сый-сыяпаттарымызды табыстауға рұқсат етіңіздер», – деді Н.Нәлібаев.

553658148 1095353459452564 4176148943669650911 n

Жиында облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Серік Дүйсенбаев, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы Жұмағали Киікбаев сөз сөйлеп, құттықтау лебіздерін жеткізді.

Басқосуда сөз алған грек-рим күресінен Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы, «Дене шынықтыру және спортты дамытуға сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісінің иегері Ғабиден Райымбек, грек-рим күресінен спорт шебері, Қазақстан Республикасы ұлттық құрама командасының мүшесі, республикалық, халықаралық жарыстардың бірнеше дүркін жеңімпазы, Әлем чемпионы Айдос Сұлтанғалиұлы көрсетілген құрметке алғыс білдірді.

Еске салайық, өңірде спорт саласын дамыту бағытында ауқымды жобалар қолға алынып, жүйелі жұмыс атқарылды. Өңірімізде соңғы 3 жылда 20 спорт кешені пайдалануға берілді, биыл тағы 6 нысан ел игілігіне табысталады.

554601701 1095353436119233 3509339718290528846 n
554335390 1095356039452306 6022592643052770974 n
554859871 1095353292785914 1594877634614205064 n
554717833 1095356052785638 4423687521447972610 n

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

Тағы да оқыңыз:

Яндекс.Метрика