Сәрсенбі, 02 шiлде, 06:52

Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Қызылорда облысында автоматтандырылған кірпіш зауыты салынуда

14.02.2025

245

0

479531391 927186879602557 113465
Фото: Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр Қызылорда қаласының «Өндіріс» индустриялық аймағында қарқынды салынып жатқан заманауи кірпіш зауытының жұмыс барысымен танысты.

Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев құрылысын «Қызылорда Саз М» ЖШС жүргізіп жатқан кірпіш зауытын орналастыруға өңірлік үйлестіру кеңесінің шешімімен 7 гектар жер телімі берілгенін айтты. Іске қосылған соң мұнда жылына 90 млн дана кірпіш шығарылады.

Зауыттың іргетасы толық құйылып, металл конструкцияларының 60%-ы орнатылған. Құрылыс алаңында 50 жұмысшы, 11 техника еңбек етуде. Қажетті қондырғылар Қытайдан жеткізілген. Айналмалы пешті, шикізат дайындайтын қондырғыны, экструдерді, кірпіш кесіп оны жинайтын құрылғыларды монтаждау жұмыстары атқарылуда. Сонымен қатар, әкімшілік-тұрмыстық ғимарат та салынады. Бұл кірпіш зауытының артықшылығы – өндіріс толығымен автоматтандырылған.

476671854 927186892935889 915607
474871283 927186909602554 649347
479185112 927186829602562 611369

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

Тағы да оқыңыз:

Яндекс.Метрика