Жұма, 22 қараша, 01:52

Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Қызылорда облысы бойынша 163 жобаның құрылысы жүргізілуде

08.11.2023

470

0

163_joba

Аймақ басшысы мен Сыр бойының перзенттерінің демеушілігімен облыста біршама құрылыс нысаны бой көтеруде. Осы жылы облыс бойынша 163 жобаның құрылысы жүргізілуде. Құрылысқа мемлекеттік бюжеттен де қолдау аз емес. Биыл барлығы 80.9 миллиард теңге қаржы бөлінді. 

Облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Ерлан Төреалиев 2023 жылдың 9 айында атқарылған жұмыстары туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз алаңында баяндады.

Құрылыс саласында негізгі екі көрсеткіш белгіленген. Олар құрылыс жұмыстарының көлемі және пайдалануға берілген тұрғын үй көлемі. Осыған сәйкес, 2023 жылдың 9 ай қорытындысымен құрылыс жұмыстарының көлемі көрсеткіші 116,9 миллиард теңгеге жетті. Ұлттық жоба аясында 1 346 пәтерді құрайтын 26 тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде. Сонымен қатар, әлеуметтік жағынан осал топтар үшін 1000 пәтер сатып алу жоспарланып отыр. «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында 3 жыл ішінде облыста 21 білім нысаны салынатын болады, биыл 10 жайлы мектептің мектептің құрылысы басталды. Білім саласынан бөлек, денсаулық, мәдениет, спорт саласында біршама құрылыс нысандары бой көтеріп, ел игілгіне жұмсалуда, — деді Ерлан Кәрімбекұлы.

Kyzylorda-news.kz

Тағы да оқыңыз:

Яндекс.Метрика