Сенбі, 22 қараша, 16:02

Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

«Қыс-2025» командалық-штабтық оқу-жаттығуының практикалық кезеңі өткізілді

21.11.2025

17

0

586218964 1965024204055640 5714463163462180947 n

Қызылорда облысының азаматтық қорғау қызметтерінің дайындығын пысықтау, қыс мезгіліндегі төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою бағытында үйлестіруді күшейту үшін 2025 жылдың 20-21 қарашасында өңірде «Қыс-2025» командалық-штабтық оқу-жаттығуы өткізілді.

​«Қыс-2025» оқу-жаттығуы қыс мезгіліндегі қауіп-қатерлердің алдын алуға, халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған. Мақсаты – «Қысқы кезеңде төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі іс-қимылдарға Азаматтық қорғаудың мемлектетік жүйесінің басқару органдары мен күштерін дайындау». Аталмыш оқу-жаттығуға азаматтық қорғау құрылымдары, жергілікті атқарушы органдар, еріктілер жұмылдырылды.

585912573 1965023964055664 8771429293995549248 n

​20 қарашада азаматтық қорғау мемлекеттік жүйесінің техникаларының саптық қарауы мен жиыны өткізілді.

​Оқу-жаттығуды өткізу орнында жедел штаб құрылып, қыс мезгіліндегі төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою кезінде азаматтық қорғаудың бағынысты күштері мен құралдары іс-қимылдарының үйлесімдігі мен өзара іс-қимылды жетілдіруі нақтыланды. Оқу-жаттығудың практикалық кезеңіне Арал ауданының әкімі Аманжол Оңғарбаев  қатысты. Қызылорда облысы ТЖД бастығының орынбасары полковник Бекболат Әбдіқадыров  жалпы оқу-жаттығудың өткізілу барысына жетекшілік жасады.​

585742279 1965024354055625 3856698688419408259 n

​21 қарашада сағат 9:00-де №1 практикалық оқу-жаттығу —  КAZ-06 «Қарабұтақ-Қызылорда-Шымкент» автожолының 1357 шақырымында өтті. Тақырыбы: қыс мезгіліндегі жол-көлік оқиғасы кезіндегі іс-қимыл. Оқу-жаттығудың шартына орай, жолаушылар атвобусы жеңіл автокөлікпен соқтығысты, салдарынан жол-көлік оқиғасы орын алды, жолаушылар автобусында бірнеше азамат жарақаттанып, жеңіл автокөліктің жүргізушісі көліктің ішінен шыға алмай, қыстырылып қалды. Соқтығысқан автокөліктерге авариялық-құтқару жұмысын жүргізу, адамдарды қауіпсіз орынға эвакуациялау, жылы орынмен және ыстық тамақпен қамтамасыз ету, медициналық көмек көрсету, төтенше жағдай зардаптарын жою бағытында тиісті іс-қимылдар жүргізілді. Оған 32 адам, 12 техника қатысты.

585427690 1965024234055637 6141139180439706990 n

​Сағат 11:00-де Арал аумағында теміржол желісінде №2-ші практикалық оқу-жаттығуы ұйымдастырылды. Тақырыбы: Жолаушылар поезының вагонында өрт оқиғасы орын алып, поезд қозғалысы бірнеше сағат тоқтайды. Вагонда туындаған өрт сөндірілді. Адамдарды қауіпсіз орынға эвакуациялау, жылы орынмен және ыстық тамақпен қамтамасыз ету, медициналық көмек көрсету, ТЖ зардаптарын жою жұмысы жүргізілді. Оған авариялық құтқару құрылымдарынан 20 техника, 53 адам жұмылдырылды.

585630901 1965024394055621 2743597160072777529 n

​Сағат 13:00-де №3 оқу-жаттығу жүзеге асты. Оқу-жаттығудың сценарийіне сәйкес, Арал ауданында қарлы боран болды. Мал-жанға қолайсыз климат орын алып, салдарынан жол таппай адасқан, мал тасымалымен айналысатын 2 азамат жоғалды. Оларды іздестіру-құтқару жұмысы ұйымдастырылып, далалы жерден  адасқан азаматтарды тауып, оларға медициналық көмек көрсетілді. Аталмыш практикалық оқу-жаттығуға — іздестіру-құтқару жұмыстарына   14 техникасымен  64 қызметкер, сонымен бірге 1 кинологиялық есеп тобы белсене қатысты.

585898723 1965024274055633 2859660037804873715 n
585823657 1965024384055622 2497812553750464947 n

​Жалпы 2025 жылғы 20-21 қарашасында өңірде ұйымдастырылған «Қыс-2025» облыстық командалық-штабтық оқу-жаттығуға 1154 адам, 339 техника, 1 кинологиялық топ қатыстырылды.

Қызылорда облысы ТЖД

Тағы да оқыңыз:

Яндекс.Метрика