Жұма, 26 желтоқсан, 19:07

Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Қуанса, бала қуансын!

26.12.2025

6

0

9da74a71 3c2f 4187 a0cc c7f01e987eac

Жыл соңы таяп қалды. Ал қаламызда түрлі мекемелер мен салалық бөлімдер, сондай-ақ қоғамдық ұйымдар мен бірлестіктер өз жұмыстарын қорытындылап жатыр. Ұжымдардың кейбірі алдағы мерекені балалармен бірге тойлап, оларды қуантуға кіріскен. Айталық, облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының әлеуметтік тапсырысымен Жаңа жыл қарсаңында мүгедектігі бар балаларға арналған мереке өтті.

Мұндағы мақсат – оларға әлеуметтік көмек көрсетуден бөлек, түрлі шараларға қатыстырып, ортаға бейімдеу, белсенділіктерін арттырып, спорттық, мәдени іс-шараларға ұдайы қатыстыру болатын.

Н.Бекежанов атындағы облыстық Қазақ академиялық музыкалық драма театрында өткен мерекелік шараны «Қызылорда облыстық мүгедектер қоғамы» ҚБ ұйымдастырумен өтті. Бұған 150 бала қатысты.

ebd6c7c2 306c 4f04 ab11 066496ed9159

– Мерекелік шарамыз екі бөлімнен тұрды. Алғашқысы – «Ғарыш құтқарушылары» атты балаларға арналған жаңа жылдық ертеңгілік. Мұнда балалар ғарышқа сапар шегіп, батыл құтқарушылармен бірге ғаламды зұлым күштерден қорғады. Ал екінші бөлімде театр фойесінде балаларға арналған Жаңа жылдық ойын-сауық өтті. Сыйлықтар мен тәттілер үлестірдік. Балалар үшін қызықты ойындар ұйымдастырылып, түрлі костюмдегі аниматорлар және де Аяз ата мен Ақшақар келді. Олардың қуанышты күлкісі, жаңа жылдық безендірулер мен әсем әуен өзге де келушілерге ұнады, – дейді қоғамдық бірлестік төрағасы Сағатбек Қуанышбайұлы

Оның айтуынша, әр бала – өмір жалғасы, ел болашағы. Ел болашағының жарқын болуы – әрбір отбасының шаңырағын шынайы қуаныш пен жылулыққа, махаббат пен мейірімге толтыратын өскелең ұрпақ қолында.

26b6b01e b315 4520 91ba 8e88b477cd3d

Тағы да оқыңыз:

Яндекс.Метрика