Бейсенбі, 05 маусым, 10:25

Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Қуанса, бала қуансын!

30.05.2025

41

0

Қуанса, бала қуансын!
Фото: «AMANAT» партиясы

1 маусым – халықаралық балаларды қорғау күніне орай «Бақытты отбасы», «Кедергісіз келешек» партиялық жобалары аясында «AMANAT» партиясы Қызылорда облыстық филиалының төрағасы Алмасбек Есмаханов пен облыстық мәслихаттағы депутаттық фракция мүшесі, партияның қалалық филиалының атқарушы хатшысы Гүлшат Мұсаева Талсуат елді мекеніндегі облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына қарасты «Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету балалар орталығы» мен облыстық білім басқармасына қарасты облыстық балаларды оңалту орталығында болып, онда ем алып жатқан балғындарды мерекемен құттықтады.

Партия филиалының төрағасы алдымен орталықтағы балаларға жасалған жағдаймен танысып, балалардың дайындаған мерекелік кешін тамашалады. Құттықтау сөз алып, елімізде, облыста балалар үшін жасалып жатқан жұмыстарды жеткізді. Елдің болашағы, әрбір отбасының мерейі болып табылатын бүлдіршіндерге қамқорлық көрсету, «AMANAT» партиясының негізгі жұмыс бағыттарының бірі екенін атап өтіп, олардың құқықтарын қорғау, бақытты өмір сүруіне жағдай жасау жұмыстары жалғаса бертіндігін жеткізді.

Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына қарасты арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету балалар орталығында бүгінде 112 балаға стационарлық және жартылай стационарлық деңгейде қызмет көрсетіліп келеді. Жас ерекшеліктері 3 пен 18 жас аралығы. Олардың 56 үйлерінен тасымалданып, күндізгі уақытта ем-дом шараларын қабылдаса, 56 бала осы орталықтың тұрақты тұрғындарына айналған.

Орталыққа аймақ басшысының қолдауымен «Қазақстан халқына қоры» арқылы жалпы құны 229 млн қаржыға 63 дана тірек қимыл қондырғылары алынған. Бүгінде бұл қондырғылар балалардың өз еркімен қозғалуына септігін тигізіп отыр»,- дейді мамандар.

Кездесу барысында филиал төрағасы осындай қондырғының көмегімен аяғын басқан бүлдіршіннің тұсауын кесіп, ақжолтай тілегін де білдірді.

Ал, білім басқармасына қарасты облыстық балаларды оңалту орталығындағы балаларға әлеуметтік, педогогикалық және медициналық оңалту бойынша қызмет көрсетіледі. 18 жасқа дейінгі балалар мұнда бір жыл толық қызмет алуына барлық мүмкіндік жасалған.

Қуанса, бала қуансын!

Біздің орталықта түрлі диагноздағы 50 балаға оңалту, дамыту жұмыстары жүргізілуде. Балаларға қону қажеттілігі болса, балалар іште қалып қызмет алады. Ол кезде оларға арнайы түнгі кезекшілікпен мамандар көмек көрсетеді. Егер қатынап қызмет алу болатын болса, орталықта тасымалдау қызметі қарастырылған. Яғни орталықтан балаларды үйлеріне жеткізеді. Мамандар саны жеткілікті. Облыстық бюджеттен, демеушілерден орталық қызметіне үлкен қолдау көрсетіліп келеді»,- дейді орталық директоры Жанар Ибраимова.

Атап өтейік, «Талсуат» бастауыш партия ұйымына қарасты облыстық оңалту орталығында «Шеберлер, қол-өнер үйірмесі, ән-би үйірмесі, спорттық би үйірмесі және «Әлеуметтік бейімдеу жұмысы секілді 5 үйірме жұмыс жасайды. Мерекеге орай балалар арасында орай асфальтқа сурет салу сайысы ұйымдастырылды. Жас суретшілердің еңбектеріне партияның облыстық филиалының төрағасы Алмасбек Есмаханов жоғарғы бағасын беріп, қатысушы балаларға бағалы сыйлықтар табыстады.

Жалпы іс-шара аясында мерекелік концерт ұйымдастырылып, белсенді қатысқан бүлдіршіндерге партия тарапынан сыйлықтар табысталды.

Тағы да оқыңыз:

Яндекс.Метрика