Сәрсенбі, 22 қазан, 20:26

Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Құтқарушыларға құрмет көрсетілді

22.10.2025

9

0

565690108 2428724257523072 3167230637359378509 n
Фото: Қызылорда облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Қызылорда қаласындағы Асқар Тоқмағамбетов атындағы Мәдениет үйінде «19-қазан – Құтқарушылар күніне», «Төтенше жағдайлар министрлігінің құрылғанына 30 жыл» толу мерейтойына арналған салтанатты іс-шара өтті.

​Аталған іс-шараға Қызылорда облысы әкімінің бірінші орынбасары Данияр Жаналинов, облыс аумағында орналасқан ҚР ТЖМ құтқару бөлімшелерінің қызметкерлері, олардың отбасы мүшелері, төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі іс-шараларға тікелей қатысатын басқа да ұйымдардың өкілдері, сондай-ақ мерекенің құрметті қонақтары – облыстың төтенше жағдайлар жүйесінің ардагерлері қатысты.

565928352 2428724550856376 6801544476696554467 n

​ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің халыққа қызмет етіп келе жатқанына 30 жыл! Көмек қажет жерге ең алдымен олар жетеді. Осы 30 жылда мыңдаған адамның өмірі құтқарылды. Жүздеген өрт сөндірілді. Ондаған ірі төтенше жағдайдың салдары жойылды. Жыл басынан бері қызылордалық құтқарушылар 410 адамды құтқарып, 171 адамды эвакуациялаған. 248 зардап шегушіге дәрігерге дейінгі алғашқы көмек көрсетілген. Жалпы 2421 рет түрлі оқиға орындарына шыққан.

Салтанатты кеште ​Қызылорда облысы әкімінің Құрмет грамотасымен 7 ардагер, Алғыс хатпен 9 сала ардагері мен қызметкерлер марапатталды.

567418121 2428724307523067 4056771072993335406 n

​Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының міндетін уақытша атқарушы полковник Мадияр Мырзагелдиев қызметін мінсіз атқарған қызметкерлерге құрмет грамоталары мен алғыс хаттарды табыстады. «Төтенше жағдайлар министрлігіне 30 жыл» мерейтойлық медалімен 13 адам, Департамент бастығының Алғыс хатымен 6 адам марапатталды.

Іс-шараның соңы өңірдің өнерпаздарының және Қызылорда облысының Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлерінің концерттік бағдарламасына ұласты.

565747753 2428724254189739 1626302395639616738 n

Қызылорда облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Тағы да оқыңыз:

Яндекс.Метрика