Сенбі, 21 желтоқсан, 21:16

Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Құрылыс нысандары аймақ басшысының тікелей назарында

19.12.2024

108

0

Құрылыс нысандары аймақ басшысының тікелей назарында
Фото: Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

Облыс аумағында ұлттық жобалар, мемлекеттік бағдарламалар аясында, инвесторлар демеушілігімен бой көтерген жаңа нысандардың қатары көп.

Бүгін аймақ басшысы Нұрлыбек Нәлібаевтың тапсырмасымен қала әкімі Нұржан Ахатов, облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Ерлан Тұралиев Қызылордадағы бірқатар нысанның құрылыс барысын тексерді.

Алдымен сол жағалаудағы жаңа стадионның, физика-математика мектеп-интернатының және 40 пәтерлік 10 тұрғын үйдің құрылыс алаңдарына барды.

Стадионды бас мердігер «ВД Строй Инжиниринг» ЖШС келесі жылы ел игілігіне береді деп жоспарлануда.

Строительные объекты – под контролем главы региона.jpg

«Промстройсервис Е» ЖШС 300 орындық жатақханасы бар, 400 оқушыға арналған физика-математика бағытындағы мектеп-интернат құрылысын өткен жылы бастады, келесі жылы бітіреді.

Тұрғын үйлер құрылысын қолға алған «Аман құрылыс», «Орион ЛТД», «Интегрострой», «Асар», «Промстройсервис.Е», «Авангард-ПГС», «Техостнастка-Ремсервис», «Абу-Сер» серіктестіктері де жұмысты алдағы жылы аяқтауды межелеген.

Әрі қарай тарихи-мәдени мұра орталығының, музыкалық колледждің жаңа ғимаратының, «Инновациялық-шығармашылық орталығының» құрылыс барысы сараланды. Бас мердігерлер «Авангард ПГС», «Интегрострой», «Bi Global» серіктестіктерінің құрылысшылары нысандарды келесі жылы қолданысқа беру үшін еңбек етуде.

Строительные объекты – под контролем главы региона 1.jpg

Бүгінгі құрылыс нысаны – келешекте жылдар бойы ел игілігіне қызмет ететін ғимарат. Сондықтан оның сапалы салынуына, әрлеу жұмыстарына асқан жауапкершілікпен қарау керек. Тағы бір ескеретін талап – межелі мерзімінде пайдалануға беру. Бұл – аймақ басшысының тапсырмасы.

Н.Ахатов пен Е.Тұралиев құрылыс нысандары облыс әкімінің тікелей назарында екенін, қойылған талаптарға баса мән беру керектігін айтты.

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

Тағы да оқыңыз:

Яндекс.Метрика