Сәрсенбі, 12 наурыз, 08:47

Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасарына әуежайдың жаңа терминалы таныстырылды

14.02.2025

134

0

479197796 927137452940833 708223053844369104 n
Фото: Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Роман Склярды аймақ басшысы Нұрлыбек Нәлібаев «Қорқыт Ата әуежайының» жаңа терминалының жұмысымен таныстырды.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының тапсырмасымен, Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Абайұлының қатысуымен 2024 жылы 12 қарашада «Қорқыт Ата әуежайының» жаңа терминалы ашылды. Жобаны іске асыруға «Болат Өтемұратов қоры» 16,6 млрд теңге инвестиция салды, жергілікті бюджеттен инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымға 4,3 млрд теңгеден астам қаражат бөлінді»,– деді Н.Нәлібаев.

Әуе айлағының өткізу мүмкіндігі 7 есе, яғни жылына 300 мыңнан 2 млн жолаушыға дейін артты. Жаңа терминал Халықаралық әуе көлігі қауымдастығының (IATA) және Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (ICAO) жоғары стандарттарына сәйкес келеді.

Бүгінде «Қорқыт Ата әуежайы» арқылы «AirAstana», «Fly Arystan» және «Qazaq Air» әуе компаниялары аптасына 26, атап айтқанда Астана қаласына 16, Алматыға 10 рейс орындауда.

Роман Скляр жаңа терминал аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуына, сауда-саттық көлемінің өсуіне оң септігін тигізетінін айтты.

480151315 927137426274169 3432239017838477729 n
01479197880 927137479607497 5796820554199553269 n
479203215 927137469607498 8692460243883859541 n
479509956 927137416274170 4310914367109221707 n

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

Тағы да оқыңыз:

Яндекс.Метрика