Дүйсенбі, 12 қаңтар, 22:05

Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Қорғаныс министрі Қызылорда облысындағы әскери құрылымдардың жұмысымен танысты

11.01.2026

30

0

615069105 1179862171001692 8765473790313790671 n
Фото: Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі.

ҚР Қорғаныс министрі, авиация генерал-лейтенанты Дәурен Қосанов Қызылорда облысына арнайы жұмыс сапарымен келді.

​Қорғаныс министрін облыс әкімінің орынбасары Мейрамбек Шермағанбет күтіп алып, аймақтағы әскери бөлімдер және мекемелердегі техникалардың жай-күйі, қызметшілердің жағдайы, жауынгерлік әзірлігі, жеке құрамның қызмет барысымен танысты.

615342551 1179862324335010 60479

Қызылорда қаласында орналасқан №99215 әскери бөлімі аумақтық қорғаныс бригадасындағы жергілікті бюджет есебінен жүзеге асырылған инфрақұрылымды дамыту жұмыстарын көріп, алдағы жоспарларды тыңдады.

Сонымен қатар, №66597 әскери бөлімінде борышын өтеп жүрген сарбаздармен кездесті. Казармалар мен санитарлық аймақтардың жай-күйіне, тамақ сапасы мен сарбаздардың қызмет өткеру барысындағы әскери тәртібі мен тұрмыстық жағдайына назар аударды.

614312275 1179862197668356 1343192685425078272 n

Қорғаныс министрі облыстық қорғаныс істері жөніндегі департамент базасында құқық қорғау және әскери құрылым басшыларымен кездесті. Департамент бастығының есебін тыңдап, «Қарулы Күштер ардагерлері» РҚБ облыстық филиалының төрағасы М.Ршауов, «Ауған соғысының ардагерлері мен мүгедектерінің кеңесі» ҚБ төрағасы Ж.Оспановпен жастарға әскери-патриоттық тәрбие беру бағытында пікір алмасты.

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

Тағы да оқыңыз:

Яндекс.Метрика