Бейсенбі, 02 қаңтар, 20:24

Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Қор кезең-кезеңімен жаңа деңгейге көтерілетін болады

30.12.2024

98

0

Қор кезең кезеңімен жаңа деңгейге көтерілетін болады

МӘМС жүйесі енгізілгеніне 5 жылға жуық уақыт өтті. Осы кезеңде Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры маңызды міндеттерді атқарды. Алдағы уақытта да, әрбір қазақстандық оның маңыздылығын түсініп, денсаулығына жұмсалатын қаржылық шығындардан қорғайтын кепіл ретінде қабылдауы үшін, Қор кезең-кезеңімен жаңа деңгейге көтерілетін болады. Бұл туралы Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының Қызылорда облысы бойынша филиалының директоры Жақсылық Абдусаметов «Әділет және өркендеу» қоғамдық қорының өңірлік өкілдігінің есеп беру жиынында мәлім етті. 

Жиынға үкіметтік емес ұйымдар мен жастар өкілдері қатысты.

Қор 2025 жылға алдына негізгі 4 мақсат қойып отыр: 1. тұрғындарды МӘМС жүйесімен толық қамту, 2. Қордың стратегиялық сатып алушы ретіндегі рөлін арттыру, 3. пациенттің құқығын қорғау, 4. Қордың тұрақты қызметін қамтамасыз ету. Бұл халыққа медициналық қызметтердің қолжетімділігін арттырып, пациенттердің қанағаттану деңгейін көтеруге нақты қадам, деп атап өтті спикер.

Жақсылық Әбілқасымұлы Қордың алдағы уақытта өзін қаржы операторы ретінде орнықтыруға баса мән беретіндігін және өзіне тән емес қызметтерден кезең кезеңімен арылатынын баса айтты. Бұл Қор жұмысының тиімділігін арттырып, жалпы МӘМС жүйесінің дамуына оң ықпал жасайтындығына тоқталды.

Сонымен қатар, ӘМСҚ-да медициналық қызметтерге терең талдаулар жасауға, оңтайлы басқару шешімдерін қабылдауға мүмкіндік беретін ақпараттық талдау орталығының құрылғаны жөнінде мәлімет берілді.

Қорытындылай келе, баяндамашы Қор жұмысының негізгі қағидаларының бірі транспаренттік екенін және осы ашықтық принципіне сәйкес өз жұмысына қатысты мәселелерді талқылауға, насихаттауға барлық ықтияр тараптармен жұмыс жасауға дайын екендігін жеткізді.

1.jpeg
3.jpeg

Тағы да оқыңыз:

Яндекс.Метрика