«AMANAT» партиясы облыстық филиалының қоғамдық қабылдау кестесіне сай облыс әкімінің орынбасары Мейрамбек Шермағанбет қоғамдық қабылдау өткізіп, азаматтарды толғандырған мәселелерін тыңдады.
Қабылдауға партияның облыстық филиалының атқарушы хатшысы Ләйлә Төрешова, қала әкімінің орынбасары Дінмұхамед Абызов, жауапты басқарма басшыларының орынбасарлары қатысты.
Тұрғындар облыс әкімінің орынбасарына онлайн түрде де өтінішін білдіруге мүмкіндік алды. Қабылдау барысында азаматтар әлеуметтік, инфрақұрылымдық, сонымен қатар жұмыспен қамту бойынша өтініштерін білдірді.
Атап өтерлігі өтініштердің басым бөлігі білім саласына тұрақты жұмысқа орналасу бағытында болды. Облыс әкімінің орынбасары әрбір азаматтың өтінішін мұқият тыңдады. Олардың мазмұнына сай кеңес беріп, заңдылықтарын түсіндірді.
Өтініштерді өзінің жеке бақылауында болатындығын атап өтіп, олардың шешу жолдарын қарастыру үшін жауапты басқармаларға нақты тапсырмалар берді.





