Жексенбі, 15 наурыз, 12:50

Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Қазақстанның Еңбек Ері Имамзада Шағыртаев өз таңдауын жасады

15.03.2026

6

0

30ac47dd b1d6 4edc 8601 d62dec5c302b

Республикалық референдумға атсалысқан белсенділер қатарында Қазақстанның Еңбек Ері, сырбойылық белгілі  меценат Имамзада Шағыртаев бар.

Имамзада Қуанышбайұлы Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы, Таң ауылдық округіндегі №136 референдум учаскесінде өз таңдауын жасады.

«Бұл референдумның маңызы зор. Елдің, өзіміз тұратын ауылдың болашағына тамшыдай болса да үлес қосамын деген әрбір адамда осындай түсінік қалыптасуы керек. Еліміз мұнан ары көркейіп, экономикасы дамып, әлеуметтің әлеуеті артады деп сенемін», — деген Имамзада Қуанышбайұлы ел болашағы үшін дауыс беру әр азаматтың борышы екенін атап өтті.

Айта кетейік, Имамзада Шағыртаев Таң ауылының таңғажайып күйге енуіне, көркейіп-гүлденуіне маңдай терін төгіп жүрген азамат. Ел ісін елден бұрын ойлайтын ел ағасының игі бастамаларын, Таң ауылының дамуы жолындағы жұмыстарын, қайырымдылық шараларын аудан жұрты жақсы біледі.

Тағы да оқыңыз:

Яндекс.Метрика