Сейсенбі, 26 қараша, 10:49

Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Қазақстандық боксшылар WBA рейтингінде көтерілді

05.01.2022

386

0

Kyzylorda-news.kz.  Дүниежүзілік бокс қауымдастығының (WBA) жаңа рейтингі жарияланды, деп хабарлайды Sports.kz.

Әлемдік спорт ұйымы жасаған тізімге көз салсақ, қазақстандық боксшылардың біршама көтерілгенін байқауға болады.

Айта кетейік, Қамшыбек Қоңқабаев ауыр салмақтағы ең үздік боксшылар рейтингінде оқ бойы озып шыққан бестікке жайғасқан.

Ал Сұлтан Зауырбек екінші жартылай жеңіл салмақтағы үздік он боксшының қатарынан көрінді.

Супер ауыр салмақ (90,7 кг жоғары):

Жан Кособуцкий (Қазақстан) оныншы орыннан 9-орынға көтерілді.

Ауыр салмақ (90,7 кг дейін):
Қамшыбек Қоңқабаев (Қазақстан) 9-орыннан 4-ші позиияға ауысты.

Орта салмақ (72,6 кг дейін):
Анатолий Мұратов (Қазақстан/Германия) жетінші орыннан 5-позицияға жайғасты.

Екінші жартылай жеңіл салмақ (59 кг дейін):
Сұлтан Зауырбек (Қазақстан)13-орыннан 10-орынға көтерілді.

Тағы да оқыңыз:

Яндекс.Метрика