Топ-баннер2

Сенбі, 07 наурыз, 05:22

Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Қазалы ауданында жаңа Конституция жобасын түсіндіру жұмыстары жалғасуда

06.03.2026

21

0

549d5adf 3624 4f74 ac40 73904685fc7b

Қазалы ауданында «Әділетті және прогрессивті Қазақстанның халықтық Конституциясы үшін» аумақтық коалициясының өкілдері түрлі еңбек ұжымдарымен кездесулер өткізуде. Осындай кездесулердің бірі Қазалы орман және жануарлар дүниесін қорғау мекемесінің ұжымында өтті.

Кездесудің мақсаты – ұсынылып отырған конституциялық өзгерістердің мазмұны туралы ақпарат беру және алдағы референдумның маңыздылығы жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізу.

Жиынға аумақтық коалиция жетекшісі Ғазиз Әліш, сондай-ақ коалиция мүшелері Талайлы Бөріқұлақов, Нұрғиса Жалғасбаев, Абдуәли Рахметов, Әділбек Сарабеков, Темірбек Исмайлов, Күншығар Әбілов, Шакизада Асқарова және Ардақ Кәдір қатысты.

eddf37e4 11bc 4f1c 9583 f6092b5c9b45

Кездесу барысында коалиция мүшелері Конституция жобасына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар туралы айтып, олардың мемлекеттік басқару жүйесін жаңғыртуға, заң үстемдігін нығайтуға және азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау тетіктерін жетілдіруге бағытталғанын атап өтті.

Аумақтық коалиция жетекшісі Ғазиз Әліш өз сөзінде Конституцияның мемлекеттің даму бағытын айқындайтын негізгі құжат екенін айтып, ұсынылып отырған реформалардың қоғам өміріндегі маңызына тоқталды.

Сонымен қатар, кездесуде еңбек ұжымдарының қоғамдағы рөлі мен жауапкершілігі жөнінде пікірлер айтылды. Спикерлер түрлі салаларда еңбек ететін азаматтардың қоғамдық-саяси процестерге қатысуы маңызды екенін атап өтті. Кездесу соңында ұжым қызметкерлері көтерілген мәселелер бойынша өз пікірлерін білдіріп, алдағы референдум туралы ақпарат алғандарын жеткізді.

db3b01d1 95b4 42d2 aecf 8132708f15cb

Тағы да оқыңыз:

Яндекс.Метрика